Онлайн газет



САҢЫРАУҚҰЛАҚТАРМЕН УЛАНУ

Көктем келе күн жылынып, саңырауқұлақтарды жинау кезеңі басталады. Саңырауқұлақтан жіті улану жағдайы жиі кездесіп жатады. Саңырауқұлақтан ауырғандар жол шетінде, өзен жағасында, егін басында жиналған саңырауқұлақтарды қуырып немесе қайнатып жегендер. Бұл дегеніміз саңырауқұлақты жинау мен дайындау әдістерін халық жақсы біле бермейді дегенді білдіреді. Сонымен қатар саңырауқұлақтарды нашар зарарсыздандыру ауыр жағдайға әкеліп соғады. Яғни термиялық зарарсыздандыру, сақтау және дайындау мерзімдері дұрыс орындалмайды, өнімнің сапасын дәлелдейтін құжаттар жоқ. Бұдан бөлек базар аумағында саңырауқұлақтарды сатуға тыйым салынған, бірақ соған қарамастан саңырауқұлақтар сатылады және оның сапасына кепілдік берілмейді. Сондықтан саңырауқұлақ сатып аларда сақ болыңыздар. Өз денсаулықтарыңызды ойлаңыздар.
Улану белгілері жабық кезеңнен кейін пайда болады. Ол аяқ астынан пайда болып тез күшейеді (жүрек айну, құсу, іштің ауруы, іш өту, кейде қан аралас болады). Балаларда саңырауқұлақтан улану ауыр түрде өтеді, бауырдың жетіспеушілігі дамиды, кейде өлім жағдайы да болады. Өте улы саңырауқұлақтармен уланудың алғашқы белгілері 1,5-6 сағат ішінде пайда болады. Жейтін саңырауқұлақтармен уланған кезде ауру белгілері (жүрек айну, құсу, іштің өтуі) 1-3 сағат ішінде анықталады. Улану дұрыс сақтамау немесе термиялық өңдеу ережелерін дұрыс орындалмағанынан кейін удың немесе бактериальдық жұқпа қабығының іс-әрекетінен пайда болады. Саңырауқұлақтан улану кезінде немесе белгілері пайда болған жағдайда тез арада ауруханаға бару қажет. Саңырауқұлақтан улану кезінде ауру адамға көмек көрсеткенде аурудың алғашқы қиын түріне қарамастан дер кезінде емделу әлдеқайда пайдалырақ екенін ұмытпаңыздар.
Саңырауқұлақ жегеннен кейін кез келген жағымсыз жағдайда немесе уланғанына күдіктенгенде, науқастың кідірместен дәрігерге қаралуы керек немесе ауруханаға жеткізілуге тиіс.
Алғашқы жәрдемнен кейін тиісті емді тәжірибелі дәрігер тағайындауы керек.

Роза Пірімқұлова,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1328
mod_vvisit_counterКеше1609
mod_vvisit_counterОсы аптада10350
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда6257
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2257926

Серіктестер