Онлайн газет



ТАЗАЛЫҚ - ТАБАЛДЫРЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

Биылғы жылғы түскен қалың қар мен ерте көктемгі толассыз жауған жауын еліміздің бірқатар өңірін әбігерге салды. Олардың арасындағы Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Абай, Ақмола, Атырау облыстарының халқы топан судан көп зардап шекті. Су деңгейі әлі де көп жерлерде төмендемей тұр.
Міне мұны естіп, көріп отырған аудан тұрғындары өткен аптадағы сенбілікті көшелер мен каналдар, арық-атыздарда жиналып қалған қоқыстардан тазалауға арнады.
“Жау жоқ деме - жар астында” демекші, мұндай апатқа қашанда дайын болған жөн. Сондықтанда тазалық жанашырлары бұл күні “Тараз-Сарыкемер”, “Диқан-Сарыкемер”, “Байзақ-Сарыкемер” бағытындағы жол бойындағы су жүретін арықтарды тазалады. Атап айтқанда ұзындығы 251,9 шақырым көше, 85,4 шақырымды құрайтын арық-каналдар тазаланып, 146 тонна күл-қоқыс сыртқа шығарылды.
Қоғамдық орындарды тазалап,  абаттандыру және сыртқы безендірудің екі айлығы аясында атқарылған бұл жұмыстарға аудан орталығындағы 22 мекеменің 313 жұмысшы-қызметкерлері қатысып, өнімді еңбек етті. Олардың арасында аудандық орталық аурухана мен емхананың ақ халатты абзал жандарының ерен еңбегін ерекше атап өткен жөн. Сондай-ақ “Байзақ су”,  №9 спорт мектебі, Сарыкемер мектеп-гимназиясы, жастар орталығы, телекоммуникация, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы ұжымдары белсенділік танытты.
“Тазалық-табалдырықтан басталады” демекші, ауылымыздың сәнді де сәулетті, таза болуларына әрбір тұрғын атсалысуы керек. Олар алдымен өз үйлері мен үй маңын, қоғамдық орындарды тазалауға көмек көрсеткендері жөн.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін305
mod_vvisit_counterКеше1583
mod_vvisit_counterОсы аптада305
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда6817
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2258486

Серіктестер