Онлайн газет



ДАЛАДАҒЫ ДҮБІР

Биылғы жылдың қысы қатал болғанымен жерге қар мол түсті. Бұл диқандар үшін мол астықтың кепілі. Енді ылғалы мол жерді кептіріп алмай, жерге тиісті тұқымды сеуіп үлгерген жөн.
Мұны түсінген аудан диқандары күн жылт еткеннен бастап, егістікке бет алды. Қыстай техникаларын сайлап алған диқандар жер жырту, тұқым себу жұмыстарын өткен аптада бастап та кетті.
Биыл аудан бойынша 5508 гектар жер жыртылуы қажет болса, оның 4,5 гектарға жуығы дайындалды. Осы аптаға дейін 2349 гектар жерге масақты дақылдар сеуіп үлгерді. Жекелеген округтер арасында Мырзатай, Сазтерек, Бурыл, Ынтымақ, Жалғызтөбе ауылдық округтері бойынша 200-420 гектар аралықтарындағы жерге жаздық масақты дақылдар егіліп, жұмыс қарқынды жүргізілуде. Сондай-ақ  Суханбаев, Жаңатұрмыс, Диқан ауылдық округтері диқандары да бұл жұмысты біршама жақсы атқаруда.
Аудандағы 10 ауылдық округте көкөніс егу қолға алынса, майлы дақылдар егу енді қолға алынбақ.
Биылғы жылы аудан бойынша 2300 гектар жерге қант қызылшасы егілетін болады. Бұл жұмысты Түймекент, Бурыл ауылдық округтеріне қарасты диқандар алдымен бастап кетті. Сондай-ақ жаңатұрмыстықтар мен қостөбеліктер бақша өнімдерін егуді қолға алған.
“Көктемнің бір күні - жылға азық” демекші,  аудан диқандары көктемгі егіс егу жұмыстарын ауа райының тиімді кезінде өндіріп алу жолында аянбай еңбектенуде.

Сүндетулла Әбілов.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін93
mod_vvisit_counterКеше1583
mod_vvisit_counterОсы аптада10698
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда6605
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2258274

Серіктестер