Онлайн газет



МҮГЕДЕКТІГІ БОЙЫНША ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУ

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 175-179-баптарына сәйкес, егер ҚР заңдарында және ҚР ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын ҚР азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға құқылы.
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мүгедектіктің қашан-жұмыс істеу немесе қызмет ету кезеңінде, жұмысқа тұрғанға дейін немесе жұмысты тоқтатқаннан кейін болғанына қарамастан тағайындалады.
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мүгедектік белгіленген күннен бастап, бірақ оны тағайындауға жүгінген күнге дейін немесе «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жәрдемақы тағайындауға келісім алған күнге дейін үш айдан аспайтын мерзімге тағайындалады.
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшеріне байланысты Кодекстің 177-бабында белгіленген.
Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша бір мезгілде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алуға құқығы бар адамдарға олардың таңдауы бойынша бір жәрдемақы тағайындалады. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы немесе асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын адамның өтініші негізінде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының бір түрінен екінші түріне ауыстыру өтініш тіркелген күннен бастап жүргізіледі.
Қызмет көрсету нәтижесі:
Жәрдемақыларды тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.
Порталда мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама, сондай-ақ жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетіне” жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) келгенде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде беріледі.
Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушының мобильді телефонына sms-хабар жіберу арқылы қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді.

Данияр Абылкасым,
Айбарша Жанысбаева,
Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін330
mod_vvisit_counterКеше1583
mod_vvisit_counterОсы аптада330
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда6842
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2258511

Серіктестер