Онлайн газет



«ДИПЛОММЕН - АУЫЛҒА» ЖОБАСЫ ЖАСТАРҒА ТЫҢ СЕРПІН БЕРЕ МЕ?

«Дипломмен – ауылға» бағдарламасы туған жерге ту тіккен талай жастың жолын ашып, жарқын өмірге қадам басуына түрткі болғаны мәлім. Бұл жобаның аясында жастар ауылдарға жол тартып, еліміз үшін қызмет көрсетіп, бір жағынан өз тұрмысын түзеуге мүмкіндік алды. Бұл жобаның басты алгоритмі: әуелі бір реттік көтерме жәрдемақысына ие болып, кейіннен баспана үшін тұрғын үй несиесі де беріледі. Бұл өз кезегінде жастардың ауылда лайықты орын алуына жасалған мүмкіндік.
Бағдарлама туралы соңғы ақпараттарға назар аударатын болсақ,  ауылға келетін мамандар үшін бюджеттік несие 2500 АЕК немесе (9,2 млн. теңге), ауылдық елді мекендер үшін 2000 АЕК 7,3 млн. теңгеге дейін өседі. Бұл туралы «World of NAN» порталы Ұлттық Экономика министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.  Ауылдық жерлерде кадр әлеуетін арттыру мақсатында ведомство «Дипломмен- ауылға» жобасын жүзеге асырып келеді. Бағдарламаға денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен, ауыл, ауылдық округ әкімдіктерінің мемлекеттік қызметкері санатына жататын мамандар қатыса алады. Сонымен қатар биыл енгізілген жаңалықтардың ең бастысы-бұл бағдарламаға қатысатын жастардың несиелік тарихының бұзылмауы, 90 күндік берешегі болмауы тиіс екен.
Демек ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген «Денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына 2020 жылдың 30 қыркүйек айында  енгізілген өзгертуге сәйкес «Әлеуметтік қолдау шаралары бұрын берілген кредиттер бойынша өтелмеген мерзімі өткен берешегі жоқ (осы қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау сәтінде), сондай-ақ соңғы 2 (екі) жыл ішінде 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен астам мерзімі өткен берешегі жоқ көрсетілетін қызмет алушыларға ұсынылады» делінген. Яғни екі жыл ішінде алдыңғы несие тарихында 90 күндік берешегі болса, ауылға келген жас маман үй несиесіне қатыса алмайды. Қаржылық сауаттылық жағынан бұл әрине, дұрыс шешім. Десе де үкімет тарапынан бөлінген қаржыны сонда кім пайдаланады? Екінің бірі ауылға бара бере ме? Келіп тұрған жастарға неге әкімшілік немесе бірінші кредиттік бюро тарапынан сенімхат жүйесі қарастырылмаған?» деген сұрақтар туындайды. Кейбір зерттеу мақалаларына шолу жасау барысында  кей жастарға банктегі жабылған кредиттің өзі тұрғын үй несиесін алуға мүмкіндік бермегенін көруге болады. 
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің ақпаратын негізге алатын болсақ, бұл бағдарламаның статистикалық көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 2023 жылы көтерме жәрдемақы алған мамандар саны 9 433 адамды құраған,  бұл 2019 жылмен салыстырғанда 14,5%-ке өскенін байқауға болады (8 241 адам).
Осы ақпарат негізінде білім беру саласы көп сұранысқа ие екендігін, және соңғы 5 жылда ауылдық мектептерге 29,6 мың адам (65,8%) жұмысқа орналасқанын, екінші орында 9,8 мың адам (21,7%) таңдаған денсаулық сақтау саласы тұр. Одан кейін агроөнеркәсіптік кешен мамандықтары – 1,9 мың адам (4,3%) және спорт – 1 344 (3,0%).
Зерттеу деректеріне сәйкес, кадрлық бөліністер, жастардың ауылға қызмет жасап, туған өңірін дамытуға  біршама қадамдар жасағанын байқаймыз. Оған себеп 2024 жылдан бастап аудан орталықтарына келген мамандар үшін бюджеттік кредит мөлшері 1500 АЕК-тен 2500 АЕК-ке дейін немесе 9,2 млн. теңгеге дейін, ауылдық елді-мекендер үшін кредит сомасынан жылдық 0,01% мөлшерінде сыйақы мөлшерлемесімен 15 жылға 2 000 АЕК (7,3 млн. теңге) дейін ұлғайтылғандығы соның дәлелі.
Білімді жастар - қозғаушы күш. Ұлтымыздың дамуы мен еңбек өнімділігін арттыруда бұл бағдарлама жастарға серпін береді деп сенемін.

Жұлдызай   МҰСАЕВА,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4-курс студенті.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін462
mod_vvisit_counterКеше1583
mod_vvisit_counterОсы аптада462
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда6974
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2258643

Серіктестер