Онлайн газет



БАЛАЛАРДЫҢ ОТПЕН ОЙЫНЫ

Өрт - өте қауіпті екендігін жақсы білеміз. Осыған қарамастан  кейде өрттің шығуына кішкентай балалар себепкер болып жатады. Үйде немесе пәтерде жалғыз қалған бала сіріңкені немесе басқа да ашық от көзін алып, қағаз жағуы, электроқондырғыларын тоқ көзіне косу және сол күйінде қалдыруы тіпті кішігірім үйінділерді де жағуы мүмкін. Әрине осындай жағдайларда кінәлі сол баланың ата-анасы болып табылады. Сондықтан ата-аналарға өрт қауіпсіздігі бойынша бірнеше ережелерді еске саламыз:
-Сіріңкені балаларға қолжетімсіз жерде сақтау, сіріңке және темекі сатып алуға тыйым салу, сонымен қатар ересектер балаларын үнемі бақылауда ұстауы қажет;
-Балаларды үйде сыртынан құлыптап, жалғыз қалдыруға болмайды. Жанып жатқан пештер мен қыздырушы құралдарды балаларға бақылауға және сеніп тапсыруға тыйым салынады. Әсіресе кіші жастағы балаларға қыздырғыш құралдарды, газ плиталарды және тағы басқа құралдарды қолдануға болмайды.
Балаларға отпен ойнауға жол бермеу және оның қауіптілігін түсіндіру - ата-ананың басты міндеттерінің бірі. Кейде тұрғындар жану белгілерін (түтін иісін) байқағанда мән бермей, көп уақыт өртке қарсы қызметін шақырмайды. Осындай жағдайлардың көбінде өрт белең алып, соңы қайғылы жағдайлармен аяқталады. Қараусыз қалған баланың  кесірінен болған өрт әлдекімге зардабын тигізген жағдайда,  ата-аналары әкімшілік тәртіпте заң бойынша жауапкершілікке тартылады.

Ильяс  Рысалдиев,
аудандық Төтенше жағдайлар  бөлімінің  бас маманы, азаматтық қорғау майоры.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін492
mod_vvisit_counterКеше1583
mod_vvisit_counterОсы аптада492
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда7004
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2258673

Серіктестер