Онлайн газет



ДӘРІГЕРЛЕР ШЕБЕРЛІК СЫНЫБЫН ӨТКІЗДІ

Жақында Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанованың тапсырмасына сай облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Марат Жұманқұлов бастаған дәрігерлер тобы ауданға келді.
Құрамында кардиолог, эндокринолог, қантамыр хирургы, кардиохирург, хируруг дәрігерлерінен жасақталған топ медициналық-стационарлық қызметтің сапасын арттыру, оның жұмысын жетілдіру бағытында аудандық орталық ауруханада шеберлік сыныбын өткізді.
Онда олар аурухананың хирургия, терапия, жандандыру және интенсивті терапия, перзентхана бөлімдерін аралап, онда ем қабылдап жатқан азаматтармен кездесті. Видеоэндоскопиялық әдіспен хирургиялық заманауи әдістерді қолдана отырып, күрделі операциялар жасау туралы түсінік берді.
Бөлім басшылары Ғалия Есеева, Гүлдар Әліпбаева, Бақтияр Мейірбековтермен пікір алмасты.
Марат Жұманқұлов аудан  әкімі Бақыт Қазанбасовтың қабылдауында болып, аудандағы медицина саласындағы қызметті жақсарту бағытында әңгімелесті. Алдымен кадр мәселесін шешу, содан соң материалдық-техникалық базаны жақсарту мәселесі сөз болды.
Аудан басшысы Бақыт Алпысбайұлы ауданда былтыр 250 келушіге арналған 3 қабатты емхана соғылса, енді жаңадан аурухана соғуға дайындық жасалып жатқанын атап өтті. Ол үшін аурухана соғылатын жер дайындалып, тиісті құжаттарда дайындалу  үстінде екенін жеткізді. Ауданға өте қажет деген дәрігерлер үшін  жаңа үйден екі пәтер бөлінгелі отырғанында айтты. Бұған Марат Сейітбекұлы ризашылығын білдірді.
- Аудан әкімі Бақыт Алпысбайұлы біздің денсаулық сақтау саласына үнемі қамқорлық жасап отырады. Енді міне екі дәрігерге пәтер берілгелі отыр. Басқа да жасап жатқан көмектері көп,-деді қабылдауға қатысқан аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің міндетін уақытша атқарушы Мырзағали Мәдімаров.
Тараз қаласынан келген мамандар тиісті жоспарға сәйкес аудандық емханада ем іздеген тұрғындарды жеке қарап, тексеріп, медициналық- диагностикалық қабылдаулар жасады.
Жамбыл облысының стационарлық көмек көрсету үйлестірушісі Марат Жаманқұлов аудан дәрігерлеріне арнайы кеңестер беріп, ем  қабылдап жатқан науқастармен тілдесіп, олардың жай-күйін білді.
Сапар соңында 2023 жылдың стационар жұмысының қорытындысы бойынша аудандық орталық аурухана бас  дәрігерінің  міндетін уақытша атқарушы Мырзағали Мәдімаров баяндады. Сол сияқты облыстық көпбейінді аурухана бас дәрігерінің орынбасарлары Гүлнұр Қазанғапова мен Жандос Сейдахметов аудандық аурухана мен облыстық аурухана арасындағы бірлесе атқарылған жұмыстар жөнінде айтып, берді. Дәрігерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Жиынды қорытындылаған Марат Жұманқұлов ауылдықтарға медициналық қызметтің қолжетімдігін арттыру, медициналық-санитарлық қызметтің сапасын дамыту бағытында осындай шеберлік сыныбы алдада жалғасын таба беретіндігін жеткізді. Дәрігерлерге өз білімдерін шыңдай отырып, халыққа қалтқысыз қызмет ету керектігіне баса назар аударды.
- Біз сіздерді тексеріп келгеніміз жоқ. Барынша көмектесуге келдік. Ең алдымен кәсіптік білім керек. Жандарына шипа іздеп келген адамдардың үмітін ақтауымыз тиіс. Жаңа емхана ғимаратын салып берді, енді жаңа ауруханада салынады. Жаңа жабдықтарда бар. Енді ауданға жақсы мамандар тарту керек. Өте қажетті деген 2 дәрігерге пәтер дайындалуда екен. Ал бұл деген аудан әкімінің денсаулық сақтау саласына деген көзқарасының жақсы екенін білдіреді. Демек, тек енді жұмыс істеу керек. Ал  біз кез келген уақытта көмек беруге дайынбыз,- деді Марат Сейітбекұлы.

Сүндетулла Әбілов.

Обновлено 05.04.2024 10:41
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін518
mod_vvisit_counterКеше1583
mod_vvisit_counterОсы аптада518
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда7030
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2258699

Серіктестер