Онлайн газет



ҮНЕМШІЛДІК - ЫРЫС

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда суды үнемдеу қажеттігін,  елімізде су тапшылығы пайда болғандығын, отандастарымызды  үнемшіл болуға шақырды.
«Келесі түйткіл-ысырапшылдық. Шын мәнінде, ырыстың бастауы-үнемшілдік. Дамыған елдерде жарық пен суға дейін үнемдеп пайдалану жоғары деңгейдегі қоғамдық мәдениетке айналған. Ал бізде бұған мүлде кереғар жағдай қалыптасқан. Миллиондаған адамның ысырапшылдығы бүкіл елдің байлығын желге ұшырады. Мысалы, су мәселесі. Бізде суды үнемдеуге байланысты қалыптасқан дәстүр жоқ. Оны ашық мойындауымыз керек. Ал су-болашақтың байлығы екенін бүкіл әлем мойындайды. Бұл-Қазақстан үшін аса маңызды мәселе. Себебі елімізде су тапшылығы пайда болды. Бізде материалдық қана емес, рухани ысырапшылдық та бар. Өзіңді, еліңді дамытуға қажетті қаншама алтын уақыт өнбейтін дау-дамайға, еш пайдасы жоқ іске жұмсалып жатыр. Әрқайсымыз үнемшіл әрі ұқыпты болсақ, еліміздің берекесі арта түсер еді. Ұрпақтың санасына осыны сіңіре беруіміз қажет. Осы дерттің бәрінен түбегейлі арылсақ, ұлтымыздың сапасын жақсартамыз, оны мүлде жаңа деңгейге көтереміз. Қоғамға қауіпті кеселдермен күресуге зиялы қауым, ақпарат құралдары, үкіметтік емес ұйымдар, барлығы біркісідей жұмылуы керек. Мұны әрбір азаматтың және бүкіл қоғамның міндеті деп түсіну қажет. Себебі, бұл-ұлттың болашағына тікелей қатысы бар мәселе»,-деді Президент.
Қазіргі таңда ысырап - қоғамға жат. Әр азамат, әрбір отбасы ысырапқа  жол бермей үнемдеуді үйренуі қажет. Әйтпесе табиғат байлықтары да таусылады. Мәселен өткен жылы ағын судан көп таршылық көрдік. Ауыл шаруашылығымен айналысатын шаруа адамдары суды үнемдеп  пайдалану, әр тамшы судың сұрауы бар екендігін ұғынды.
Алқалы жиында Ел Президенті өсіп келе жатқан жастар санасына үнемшілдікті, қолда барды ұқыпты пайдалануды  сіңіру қажеттігін айтты. Олай болса, ұрпақ өсіріп отырған әрбір ата-ана перзенттеріне су, көгілдір отын, электр жарығы, жалпы ел байлықтарын көздің қарашығындай сақтап, үнемді жұмсауды, үнемшілдікке үйретулері тиіс.

Несіпкүл Байжанова,
шаруа қожалығының басшысы.
Бурыл ауылы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін558
mod_vvisit_counterКеше1583
mod_vvisit_counterОсы аптада558
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда7070
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2258739

Серіктестер