Онлайн газет



КӨМЕК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА

Биылғы жылы еліміздің барлық өңірлерінде қардың қалың түсуі, күннің лезде жылуы су тасқынына алып келді. Бір аптадан аса уақыттан  бері бірнеше облыста қызыл сумен күрес жалғасуда. Су үйлерді, шаруашылық құрылыстарын, көпірлер мен дамбаларды қиратып, малдарды  ағызып кетіп жатқанын баспасөз беттерінен оқып, теледидардан көріп отырмыз. Міне осындай  қиын кезеңде зардап  шеккен жандарға көмек қолын созудан байзақтықтарда қалыс қалмады.
Алдымен Тараз қаласындағы еріктілердің «Тараз қаласынан Ақтөбе қаласына  гуманитарлық көмек» атты автокөлігі аудан орталығындағы  «Бегей» дүкені алдына қойылып, оған қалың жұрт өз шамаларына қарай киім-кешек, төсек орын, азық-түліктерді өз еріктерімен апарын тапсырып жатты...
Ал аудандық мәслихаттың депутаты, кәсіпкер Айдын Қалабаев өзінің «Айдын Холл» мейрамханасы  жанына автокөлігін қойып, халықтың су тасқынына байланысты әкелген заттарын қабылдауда. Сондай-ақ ол халықтың шақыруы бойынша Үлгілі, Диқан ауылдарына барып, көмек ретінде берілген дүниелерді қабылдап алды. Аталған ауылдардан жиналған қаржылай көмекті де қабылдап,  оны тиісті жерге жеткізіп беретін болып келісті.
Мұндай жағдайда елдік танытып, үрей құшағында қиналып қалған халыққа басу айтып қана қоймай, жұдырықтай жұмылып, жанашырлықпен көмектескеніміз абзал. Бұл ретте қаржылай және материалдық қолдауларға да басымдық берген дұрыс болады. Себебі су басқан аумақтардағы адамдар шыныменде көмекке зәру болып отыр. Мұны дұрыс түсінген жөн.
Қазіргі қасиетті Рамазан айында  халықтың жасап жатқан рақымшылығынан басқа ауыл азаматтары да тыс қалмай, оларда әртүрлі жолмен көмектерін беруде.
Осындай қиын-қыстау кезеңде «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, батыстық ағайындарға көмек қолын созған азаматтардың көмегі өздеріне еселеп қайтсын дейік.

Сүндетулла  АБЫЛАШҰЛЫ.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін341
mod_vvisit_counterКеше993
mod_vvisit_counterОсы аптада341
mod_vvisit_counterӨткен аптада12806
mod_vvisit_counterОсы айда28223
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2279892

Серіктестер