Онлайн газет



АРДАГЕРЛЕР ТАЛ ЕГІП, ТАЗАЛЫҚПЕН АЙНАЛЫСТЫ

Ауданымызда биылғы жылдың 1 наурызынан бастап тазалық, көріктендіру және көгеріштендірудің екі айлығы өтуде. Одан бері бір айдан аса уақыт өтіп, ауылдарымыздың біршама жерлері тазаланып, тал-теректер егілді.
Міне осындай игілікті істен аудан  ардагерлеріде тыс қалмай өткен сәрсенбі күні Сарыкемер ауылындағы «Астананың 10 жылдығы атындағы саябақта» тал көшеттерін отырғызып, тазалықпен айналысты.
Аудандық ардагерлер, Қоғамдық, Билер кеңестерінің төрағалары Серік Ермеков, Жұманғали Құмғанбаев, Исағали Сәлімбаев, Сарыкемер ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әділхан Омаровтар басқарған ақсақалдар 20 түп ива, 10 түп малва ағашын егіп, саябақ ішін тазалауға атсалысты.
Осы жерде ауыл тұрғыны Жанысбек Төлепбергенов ақсақал өз үйінен арнайы әкелінген 2 дана биші ива, 1 дана малва көшетін еккенін ерекше атап өткен жөн. Ал бұл ауыл жастарына үлгі болатын іс болды.
-Мен бұл талдың өсіп, көктегенін көре алам ба? Бірақ, осы талдың  саясына ертең менің балаларым, немерелерім келіп көлеңкелеп отырады ғой, - деген Жанысбек қарияның сөзі көпшілікті  ойға қалдырды.
Ал бұған біздің қосарымыз саябақ ішіне  ырымдап бұрында талай ақсақалдар тал еккен  екен. Олар бүгінде өсіп,  қай тал екенін ажыратуда қиындықтар туғызуда. Демек, осындай арнайы егілген талдар түбіне еккен қариялардың аты жазылған белгі қойылса дұрыс-ақ болар еді. Сонда ғана Жанысбек аға айтқандай ағаның немерелері атасы еккен талды  қиналмай-ақ тауып алатын болады.
Аудан ардагерлері өздері отырғызған тал көшеттері аумағынан «Ардагерлер аллеясын» жасау туралы ақылдасты. Бұл қолға алынса күні ертең-ақ жан-жағы абаттандырылып, әртүрлі орындықтар қойылған бір мезгіл қариялар демалатын  аллея пайда болмақ.

Сүндетулла ӘБІЛОВ.

Обновлено 05.04.2024 10:32
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін376
mod_vvisit_counterКеше993
mod_vvisit_counterОсы аптада376
mod_vvisit_counterӨткен аптада12806
mod_vvisit_counterОсы айда28258
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2279927

Серіктестер