Онлайн газет



ТІЛ - ТҮСІНУ ҚҰРАЛЫ

Адамның ойлары, оның сана-сезімі тілде қалыптасады. Халықты бір-бірінен айыратын негізгі ерекшелігі - тілі болып табылады. Тіл-адамзаттың ең жоғары мәдениеті саналатындығы сондықтан. Жер шарындағы халықтар 2000-нан астам тілде сөйлейді. Дүние жүзіндегі осы тілдер өздерінің жақындығына байланысты 10 үлкен тілдік топқа бөлінеді.
Халықтың ең үлкен құндылығы-ол ойлайтын, жазатын, сөйлейтін тіл. Егер тіл адамдар арасында қатынас құралы қызметін атқарып тұрса, ол тірі тіл, ондай қызмет атқарудан қалса, өлі тіл деп аталынады.
Тіл-қарым-қатынас құралы, сөйлесіп, пікір алмасудың құралы ретінде пайда болғаны белгілі. Тарихта мұндай ұжым алғашында ру, тайпа түрінде, кейін халық тілі, ұлт болып өмір сүрді. Жалпы қоғамның өмір сүруі адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін қатынас құралы, пікір алысудың құралы-тіл қажет. Қоғам мүшелерінің өзара пікір алмасуы тіл арқылы іске асады. Адам өз ойын басқаларға тіл арқылы айтып, не жазып жеткізеді. Тыңдаушы да сөйлеушінің ойын тіл арқылы түсінеді.
Тіл-адамдардың қоғамда өмір сүруінің және дамуының қажетті шарты болып табылады. Тіл адамдар арасында ауызекі сөйлеуде өмір сүреді, яғни қолданыста жүргенде тіл өз өміршеңдігін жоғалтпайды. Сондықтан тілдің адам өміріндегі алатын орны ерекше екендігін осыдан аңғаруға болады.
Жалпы тіл-түсіну  құралы. Әлемде қаншама ұлт болса, олар тіл арқылы бірін-бірі түсініп, қарым-қатынасқа түседі. Түркі тілдері ішіндегі сөздік қоры ең үлкен, әлемдегі ең таза тілдердің бірі-қазақ тілі. «Халқымыздың тарихы да, тағдыры да тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де,  ділі мен діні де тілінде.Тіл өткен тарихпен ғана емес, бүгін мен болшақты байланыстырады»,- деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, мемлекеттік тіліміздің қолданыс аясын кеңейту, тіліміздің мәртебесін биіктету, тілге деген құрметті қалыптастыру-ортақ парызымыз. Өйткені тіл-халықтың рухани негізі, елді танытатын басты белгісі.

Асылай Жандос,
Тілдерді оқыту орталығы Байзақ аудандық бөлімшесінің меңгерушісі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін341
mod_vvisit_counterКеше993
mod_vvisit_counterОсы аптада341
mod_vvisit_counterӨткен аптада12806
mod_vvisit_counterОсы айда28223
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2279892

Серіктестер