Онлайн газет



БИЛЕР БАР, БИЛІГІМІЗ ҚАНДАЙ?

Кейінгі жылдары халқымыздың ежелден қалыптасқан ұлттық өнеге, дәстүр-салтын сақтау және дамыту жөнінде сан алуан іс-шаралар қолға алынып, бүкіл мемлекет көлемінде етек алып, дұрыс жолға қойылып келе жатыр. Ал бұл, бүгінгі таңда нәтижелі жемісін беріп жатқан игілікті іс-шара деуге болады. Қазір жастарымыздың жаңа жасампаз заманға бейімделуі, көп жерде бабалар дәстүрлерінің жаңғырып жатуының куәсі болып жүрміз. Өскелең ұрпақты дұрыс тәрбиелеу бағытында мектептегі түрлі педагог мамандардан бөлек, ата-аналар комитеті, қамқоршылық ұйымдары, жастар тәрбиесі жөніндегі мамандар, тағы сол сияқты бірқауым ұйымдар жұмыс істейді. Сондай-ақ әрбір ауылда ардагерлер, билер, аналар, әкелер кеңестері, көше комитеті тәрізді қоғамдық ұйымдар, қауымдастық топтары іске қосылған.
Алайда, шындығын айту керек, жоғарыда аталған кеңестеріміз жұмыстарында әлі де ақсап жатқан тұстарымыз баршылық. Оның бірнеше себептері бар. Мысалы: «Аталы сөзге арсыз да тоқтайды» деген қағидадан алыстап кеттік. Өйткені аталы сөз айтып, елді аузына қарата алатын көсем қарттарымыз сирек. Сондықтан олардың халық алдындағы беделі әлсіз. Екіншіден – мына әртүрлі діни бағыттар етек алып тұрған алмағайып заманда дұрыс бағыт ұстап, жастарға насихат  айта білуге де сауатымыздың жете бермейтіні шындық. Сондықтан ел ішіндегі тартысты жағдайларда кесімді пікір айтып, оқиға  барысын өзгерте алмаймыз. Мысалы, біздің өңірде өмір сүрген әділ би саналған Бошай бидің қисынсыздау бір шешіміне Мәдімар болыс:
«Би – шаңырақ, ел – оның керегесі,
Уық – билік, көтерсе – төбедесің...
Керегең сөгілсе егер не боласың –
Кетпей ме бірлігіңнің берекесі», - деген сөзі ғана әсер етіп, шешімін қайта қарауға мәжбүр еткен екен.
Менің ойымша, сондай көсемдік танытып қарапайым халыққа дұрыс бағыт беріп отыруға өреміз жете бермейтін сияқты.
Мен тұрып жатқан Мәдімар ауылы аудан көлемінде үлгілі ауылдардың бірінен саналады. Бұл үшін мың шүкіршілік етеміз, әрі мақтанамыз. Ал бұл заңды құбылыс. Алайда, соның артында қаншама үгіт-насихат жұмыстары, ар-намысты қозғайтын қаншама тірліктер жатыр. Соның өзінде сырт көзге білдіре бермейтін кемшіліктерімізде жеткілікті. Ел болған соң кез келген ауылда кездесетін неше түрлі жағдай бар. Мұндай тірліктерді сот қарауына жеткізбестен ағайын арасында шеше салуға, да болады. Дегенмен  араздасушы жақтардың бірі қалтасына сенсе, екіншісі «жоғарыда тіреп тұрған» мықтыларына сеніп сіздің шешіміңізге пысқырмайтын кездеріде болады. Мұндай жағдайда қарапайым тұрғындар үшін ауыл билерінің беделі түкке алғысыз боп қалатыны шындық. Сондықтан ауыл билері халықтың риясыз сеніміне ие болған ардақты азаматтардан жасақталып, екі жаққа да тиімді шешім қабылдағаны дұрыс деп ойлаймын. Сонда ғана олардың беделі артып, халық сыйлайтын да, тыңдайтын болады.

Асан ӘЛМАҚАШҰЛЫ,
Ынтымақ ауылдық округі Билер кеңесінің төрағасы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін319
mod_vvisit_counterКеше993
mod_vvisit_counterОсы аптада319
mod_vvisit_counterӨткен аптада12806
mod_vvisit_counterОсы айда28201
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2279870

Серіктестер