Онлайн газет



Ақиқат жолы ауыр

Т.Батықов,
Байзақ ауылы.

Биыл Ұлы Жеңіске 69 жыл толды. Бұл соғыстың зардабы адамзат жадынан еш өшпейді...
1933 жылы фашистік Германияның басына тарихта аты жауыздығы, қанішерлігімен қалған Адольф Гитлер келді. Оның шын аты-жөні Шикльгрубер Адольф. Ол Австрияда туылған. Міне, осы адамның бастамасымен Германия мемлекеті ұрыс техникасын шығаратын ел ретінде ондағы армия ең озық қару-жарақпен қамтамасыз етілді. Сондықтан да, аз уақыт аралығында, яғни 1939 жылға дейін мұндағы армия өте қуатты, ал мемлекет озық техникалы алып ел бола бастады.
Гитлердің жоспары алдымен Чехословакияны, кейіннен Венгрия, Австрия, Болгария, Грецияны жаулаумен басталды. Олар Румынияны, Испанияны, Италияны өзіне Одақтас етіп қаратты. Ал, бұл кезде Франция Германиямен оның шекарасына күшті тосқауыл қойып, қорғанысқа көшті.
Германия мемлекеті өзіне шекаралас  Бельгия мен Данияны бір аптада жалмап алып, Атлантика мұхитының Ла-Манш бұғазына үлкен  кеңістік етіп алды. Сөйтіп Гитлер Бельгия мен Дания мемлекетінің үстінен Францияға лап қойды. Франция ойламаған жерден Гитлерге ұрыссыз берілді. Жерорта теңізінің жағалауындағы мемлекеттерге Гитлер өз армиясын жіберіп, Тунисті басып алды. Оның ендігі ойы Ливия жеріне, одан Мысыр асып, жақын Шығысты алып, Түркияның үстімен Кавказға өтіп, СССР-ды қоршау еді. Осы оймен олар  Норвегияны өзіне қаратып алды. Теңіз күштері флотын нығайтып, жолдарын Америкаға дейін баратын етіп қойды. Ағылшындарды қорқытып бомбалап тұрды. 1939 жылдың соңында Польшаға лап қойды. Оны бір айда жаулап алып, бүтін Европаны өзіне қаратты.
Фашистік Германия осылайша адамдарға зұлым әкеліп, үрей тудырып жатты. Осындай дүниежүзін дүр сілкіндірген сұм соғысты бастаған елге тек қана социалистік мемлекет – СССР ғана қарсы қимыл көрсетті.
Сөйтіп, 1941 жылдың 22 маусымында жойқын да алапат күшпен фашистік Германия СССР-ға баса көктеп кірді.  «Юнкерс», «Хейнкель» атты техникасы, жоғары маневрлі истребитель – «Мессершмитт -109», күшті брондалған «Тигр», «Пантера» сияқты танктерімен, мотоциклдерге мінгесе, темірге оранып, автомат асынған неміс солдаттары екеу ара мылтығы, жеткіліксіз ұшағы мен танкісі бар Қызыл Армияны алғашында жаншып, көптеген жерлерді өртке тұншықтырып, 3 шілдеде Москваның қасына дейін жетіп келгені тарих беттерінен мәлім.
Қиын да қысталаң сәтте елді ауызбірлікке шақырған белгілі басшы И.В.Сталиннің еңбегін айтпай кету мүмкін емес. Оның халқына сабырға шақырып «Біз жеңеміз, біздің ісіміз әділ. Әділдік жеңеді. Біз берілмейміз. Қасық қанымыз қалғанша соғысамыз» деген сөздерінің өзінен жауынгерлеріміз ерекше ерік-жігер алып, бекем бірлікпен фашизмді жеңді. Әрине жеңіс оңай келген жоқ. Орны толтырылмас адам шығыны болды. Ұлы Отан соғысында Кеңес армиясымен қатар, қазақ жауынгерлері де нағыз ерліктің үлгісін көрсете білді. Батыр Бауыржан Момышұлы, әйгілі панфиловшылар дивизиясы сол бір зұлмат кезеңдерде «жаным арымның садақасы» деп жанталаса арпалысты.
Иә, сұм соғыс әрбір қазақ жанұясына қайғы-қасірет әкелді. Бұл соғыстың зардабы 4 бірдей інісін  Отан қорғауға аттандырып жіберген менің әкем Маданның отбасына да ауыр тиді. Сол кезде мына мен дүниеге келіп, ата-анам ертеңге зор сеніммен қарап, елде тыныштық орнауын, соғыстың болмауын тілеп атымды «Тыныштық» деп қойыпты. Тыныш өмір, бейбіт заман ұзағынан болғай! Ең өкініштісі, әкем Мадан соғыстан қайтпаған інілерін күте-күте өмірден озды...
Айтпақшы, ақиқаттың ізі сол бір қанішер фашистердің ордасы Рейхстагқа ту тіккен де  - қазақ    ұлы Рахымжан Қошқарбаев еді. Бұл шынымен де, жауынгер, батыр, көзсіз ерлік жасаушы қазақтың сүйегінде, қанында сонау жаратылыстан қалған ерекше қасиет десе де болады...

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2018
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада2018
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда42208
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2249594

Серіктестер