Онлайн газет



НЕКЕ - ОТБАСЫ НЕГІЗІ

Неке-отбасын құру және ұрпақ жалғастыру ниетіндегі үлкен іс. Ол адамның жаны мен ақылын адасушылықтан қорғай келе сезімді басқарады. Бүгінде аудан бойынша отбасы мәселелеріне байланысты «Отбасылық сот» пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде «Бастау» жұмыс тобы жұмыс жасауда. Нәтижесінде, 2023 жылы отбасындағы өзара қарым-қатынас мәселелерін шешу мақсатында 81 ұйғарымы бойынша 65 отбасы неке бұзып, 16 отбасы талап арызды қайтарып алды. Ал жыл басынан бүгінгі күнге дейін 1 ұйғарым келді және ол отбасы

ажырасты.
Қазіргі заманның бір үлгісі ретінде материалдық құндылықтар алға қойылып, рухани байлық көзге ілінбеуде. Тіптен, құда түсуде жастардың өмірлеріне қажетті мінез-құлықтары қаралмай, үй-жайы, білім қағазы, көлігі, ұялы телефоны, жаңа үлгідегі киімі және тағы да басқа дүние-мүліктерінің өлшемін ескертіп жатады. Ертеде ата-бабаларымыз шаңырағын өзара түсіністікпен, бір-біріне деген махаббат сезіміне деген құрметпен негізделе құрылған. Оны дүниеге әкеп тіреудің қажеті жоқ.
Жанұя мемлекетті құрайтын үлкен тетіктер. Ал, осы тетіктер үйлесіммен үлкен игі бастамадағы мемлекетті іске қосатын рухани байлықтар. Некеге отыратын мұсылман ері мен әйелі өзінің құзырлықтарын, оның болашағын ойша нақтылаған жөн. Мұсылман ері алдында некелескен әйелін барлық қажеттіліктермен яғни, баспанамен қамтамасыз ету, тамақтандыру, киіндіру міндеті бар. Ал, өз кезегінде мұсылман әйеліне келесі міндеттер жүктеледі яғни, күйеуіне бағыну, күйеуінің ата-анасы мен туыстарын құрметпен сыйлау, басқа бөтен ер адамдардан өзін қорғау, күйеуі ұнататын киім кию және иіс суды қолдану. Күйеуінің жиған-тергеніне ие болу. 
Жалпы, дана халқымыздың тектілік үлгісін ұстанған бағыты яғни, жеті атасына дейін ру аралық қыз алыспауы өте дұрыс дүние. Сондықтан жастарымыз осы бағытты ұмытпаса игі еді.

 

Ақмарал БАРТБЕК,
аудандық «Жастар ресурстық орталығының» NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің психологы.

Обновлено 05.04.2024 10:29
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін440
mod_vvisit_counterКеше993
mod_vvisit_counterОсы аптада440
mod_vvisit_counterӨткен аптада12806
mod_vvisit_counterОсы айда28322
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2279991

Серіктестер