Онлайн газет



ОРМАН ӨРТІНЕ ЖОЛ БЕРМЕЙІК

Еліміздің орман қоры аз екені белгілі. Ал осы қорды сақтау-мемлекет үшін маңызды. Орманды өрттен сақтау, табиғатқа тағылық көрсетпеу-ортақ міндет. Өрт-тілсіз жау, елдің, өңірдің  экономикалық  әлеуетіне үлкен  материалдық шығын келтіріп, тұрғындардың өміріне қауіп  төндіреді.
Өрт қауіпсізділігі-өмір қажеттілігі. Көктем қарбалас  күндерімен жарыса өрт қаупі туындайтыны белгілі. Жалпы, жер бетінде өрт тұтатушы факторлар жетерлік. Шоқтың шаласынан, сіріңкенің толық өшпеуінен, темекі тұқылынан пайда болатын өрттің соңы адамзат өміріне үлкен қауіп төндіретін апатқа айналып жатады. Орман өрттері құрғақ ауа райы мен желдің бағытымен күшіне қарай үлкен аумаққа таралып кетеді. Жоғары ауа  райы кездерінде, егер жауын-шашын болмаса ормандар құрғап, кез келген абайсыз жанған оттың әсерінен өрт тез таралып кетуі мүмкін. Өрттің шығу себептеріне тоқталсақ, олардың біреуі адамдардың кінәсінен, ал тоғызы найзағай салдарынан. Орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғандары үшін кінәлі тұлғалар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Орман және дала өрттерінің алдын алу, оны болдырмауға бағытталған үгіт-насихат жұмыстары аудан көлеміндегі мекемелерде, аудандағы ауылдық округтер мен шаруа қожалықтарға таратылатын ескерту хаттар жатады. Орман қоры жеріндегі тоғыз жолдың торабында, демалатын орындарда, орман жұмыстары жүріп жатқан аймақтарда ескертпе тақтайшалар (аншлагтар), хабарламалар арқылы өрттен сақтандыру шаралары жүргізілуі қажет. Алайда осыларды орман-тоғайлы жерлердің маңында демалушылар ескере бермейді. Әрбір жеке тұлға, орманды жанама пайдаланушылар мұндай ескертулерге байыппен қараса, халық байлығы орманды тілсіз жау өрттен қорғауға, аман сақтауға ықпалдарын тигізетіні анық. Байзақ ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі биылғы жылдың өрт қаупі маусымына дайындықтарының алдын алуда. Орман өртін сөндіру оңай шаруа емес. Сондықтан оған жол бермеудің алғы шарттарының талаптарын қатаң сақтау қажет.
Құрметті аудан тұрғындары! Өрттің тілсіз жау екенін және өрт болған жағдайда табиғатқа орасан шығындар келтіретіні бәрімізге де белгілі. Орман-тоғайларда өрт орын алса оңайлықпен сөнбейді, айналасындағы бірнеше шаршы метр жерге дейінгі өсімдік ағаштарды және аң-құстардың мекен ететін орындарын жояды.
Сол себепті табиғат берген байлықты сақтап, орман қорын қорғап, өсімін молайтуға көпшілік болып атсалысуымыз керек. Орман-тоғай өрттері орын алған жағдайда «101» немесе 2-18-66 телефонына хабарласыңыздар.

Мақсат ЗАУРБЕКОВ,
Байзақ ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің орман қорғау және күзету бас инженері.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін319
mod_vvisit_counterКеше993
mod_vvisit_counterОсы аптада319
mod_vvisit_counterӨткен аптада12806
mod_vvisit_counterОсы айда28201
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2279870

Серіктестер