Онлайн газет



ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Өткен аптаның жұмасы күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Бақыт Қазанбасовтың төрағалығымен жиын өтті.
Жиынға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы, әділет полковнигі Тілеухан Басхожаев, Жамбыл облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Нұрбол Зейнелев, аудандық мәслихаттың төрағасы Бақтияр Ақбаев, аудан әкімінің орынбасары Дулат Жақыпбеков, аудан ардагерлері, аудандық мәслихаттың депутаттары, ауыл, ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары, аудандық Төтенше жағдайлар, қорғаныс бөлімдерінің басшы, қызметкерлері қатысты.
Аталған басқосуда Тілеухан Қалилайұлы аудан аумағындағы Қайнар елдімекенінде орналасқан №28349 әскери бөлімдегі пайдалану мерзімі өткен оқ-дәрілерді жою мәселесіне тоқталды. Бұл ретте оның халыққа ешқандай зияны тимейтіні, ауаның ластанбайтыны, адам ағзасына залал келмейтінін сөз етті. Сондай-ақ ол жастарды әскери жоғары оқу орындарына және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне тарту туралы жан-жақты түсінік берді. Осы жерде ол әскер қатарында болған жастардың оқуына байланысты мемлекет тарапынан беріліп отырған бірнеше жеңілдіктерге де тоқталып өтті.


Күн тәртібінде көтеріліп отырған мәселеге байланысты аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Жұманғали Құмғанбаев, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Болат Амиралиев, Жалғызтөбе ауылдық округінің әкімі Нүркен Өнетаевтар өздерінің ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Жиынды қорытындылаған аудан басшысы Бақыт Алпысбайұлы Қайнар елдімекенінде орналасқан №28349 әскери бөлімдегі оқ-дәрілерді жою жұмыстары және жастарды әскери жоғарғы оқу орындарына және  Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне тарту туралы аудан тұрғындарына кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тиісті азаматтарға тапсырды. Әсіресе әскери бөлімге жақын орналасқан ауылдық округ әкімдеріне халықтың қауіпсіздігіне баса назар аудару керектігін  қатаң ескертті.

Сүндетулла Әбілов.

Обновлено 02.04.2024 11:09
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін353
mod_vvisit_counterКеше993
mod_vvisit_counterОсы аптада353
mod_vvisit_counterӨткен аптада12806
mod_vvisit_counterОсы айда28235
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2279904

Серіктестер