Онлайн газет



ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ

Мемлекетімізде қабылданып жатқан заңдар аясында құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында аудандық ведомствоаралық комиссиясының құқық қорғау органдарымен бірлесе жоспарланған жұмыстары жүйелі  жүргізілуде.
Өткен аптада аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Бақыт Қазанбасовтың төрағалығымен аудандық ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. 
Отырысқа облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Ерлан Байболат, аудандық мәслихаттың төрағасы Бақтияр Ақбаев, құқық қорғау органдарының басшылары, комиссия мүшелері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауыл, ауылдық округтер әкімдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібіне төрт мәселе шығарылды. Алғашқы мәселе бойынша «Байзақ аудандық ІІБ-нің 2024 жылдың 2 айы бойынша жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету негізінде атқарылған жұмыстар туралы» аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Дархан Нұралиев баяндама жасады.


Әрмен қарай  «Байзақ ауданы пробация қызметі бөлімінің 2024 жылдың 2 айы бойынша атқарылған жұмыстары туралы» аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы, әділет майоры Тимур Молдатаев, «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының орындалуы туралы» Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы Байзақ ауданы білім бөлімінің басшысы Нұрболат Мамырбаев, «Түймекент ауылдық округінде 2023 жылдың 12 айы және 2024 жылдың 2 айында сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы атқарылған жұмыстары туралы» ауылдық округтің әкімі Қанат Смағұловтың баяндамалары тыңдалды.
Баяндамашыларға сұрақтар қойылып, оған жауап алынды.Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты ұсыныс-пікір айтушыларда болды.
Отырыс соңында қаралған мәселелердің әрбіріне қатысты ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, тиісті сала басшыларына тапсырмалар берілді.

Өз тілшіміз.

Обновлено 02.04.2024 11:06
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін956
mod_vvisit_counterКеше2058
mod_vvisit_counterОсы аптада5049
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда956
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2252625

Серіктестер