Онлайн газет



ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Жақында аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті ХХІІ сессиясы болып, оған аудан әкімінің орынбасары Дулат  Жақыпбеков, ауыл, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Сессияны аудандық мәслихаттың төрағасы Бақтияр Ақбаев ашып, жүргізіп отырды.
Онда “Ауданның агроқұрылымдарының өндірген өнімдерін өңдеу, сақтау, өткеру жұмыстарының  атқарылуы туралы” аудан әкімдігі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бас маманы Жібек Шолтабаева баяндады.
Күн тәртібіндегі мәселені зерделеумен айналысқан депутаттардан жасақталған комиссияның төрағасы Бағдат Момынов аталған мәселеге байланысты  аудандық шаруалар тарапынан біршама жұмыстар атқарылып жатқанымен кемшіліктердің де бар екендігіне тоқталды.
-Ауданда 7 жылыжай болса, оның төртеуі ғана жұмыс істеп тұр. Жылыжайларды күтіп ұстауға технолог мамандар жетіспейді. Шаруалар несие алып, пияз еккенімен оны өткеру кезінде қиындыққа тап болуда. Шаруашылықтарды ірілендіруде де кемшіліктер бар. Ұсақ шаруашылықтар мемлекет қамқорлығын көре алмайды. Ауданда астық, ет, сүт сақтайтын 5 ауылдық округте 15 қана қойма бар. Шаруалар өнімдерін сақтай алмай, қиналуда. Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі тауар өткерушілеріне қолдау көрсете отырып, олардың өндірген өнімдерін қабылдау, өңдеу және өткеру жұмыстарын үйлестіріп отырулары қажет,- деді аталған комиссия төрағасы Бағдат Ошақбайұлы.
Қаралған мәселеге байланысты депутаттар тарапынан сұрақтар қойылса, аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Еркебай Рысалиев пен Үлгілі ауылдық округінің әкімі Мейіржан Досмұратов жарыссөзге шықты.
Сессияда басқада мәселелер қаралып, қаралған мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1580
mod_vvisit_counterКеше1808
mod_vvisit_counterОсы аптада5043
mod_vvisit_counterӨткен аптада10590
mod_vvisit_counterОсы айда18318
mod_vvisit_counterӨткен айда43547
mod_vvisit_counterБәрі2712081

Серіктестер