Онлайн газет



ӨҢІРДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ

Бақыт Қазанбасов,
Байзақ ауданының әкімі.

Алаш арыстарының бірі Мағжан Жұмабаевтың жастарға  арнап “Мен жастарға сенемін” деп жырлағаны бекерден-бекер емес. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы, білімді де білгір жастардың қолында. Жастар алдыңғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасарлары екенін дәлелдеуде. Тәуелсіз еліміздің тірегі де солар.
Жастар-қоғам өмірін алға бастаушы прогрессивті күш иесі екенін қай қоғамда да дәлелдеп келеді.  Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші-жастар, бүгінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барынша үлестерін қосуда.
Ауданымызда мемлекеттік  жастар саясатын жүзеге асыру бағыты 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының “Мемлекеттiк жастар саясаты туралы” Заңы және мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының Жамбыл облысында іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын орындау жөніндегі кешенді жоспары өз деңгейінде жүргізілуде.
Бүгінгі күні ауданымызда 14-35 жас аралығындағы жастар саны 31394.  Ал бұл жалпы аудан халқының 30,1% құрап отырса, оның ішінде өзге ұлт өкілі-2286. Мемлекеттік қызметте 46 жас еңбек етіп жүрсе, 7498 жас отбасы бар.
Отанды қорғау - абыройлы міндет. Көктемгі және күзгі ҚР Қарулы Күштері мен басқа да құрылымдарына шақырушыларды әскерге шақыру жұмыстары жоспарға сай орындалып отыр. Аудан аумағында әскери-патриоттық бағытта 51 шара ұйымдастырылып, оған 1029 жастар қамтылды. Әскерге шақырылушыларға арналған патриоттық билбордтар орнатылды. Ауылдық округтерде 18-26 жас аралығындағы жастардың Отан алдындағы борышын өтеуге ынталандыру мақсатында ауылдық округтердің әскери есеп жөніндегі мамандарымен бірлесе  “Әскерге бару-борышым”, “Отан алдындағы міндет”, “Әскери іс- мемлекет қауіпсіздігінің кепілі”, “Отанға қызмет”, “Әскерге бару-міндет”, “Жас жауынгер” және тағы басқа тақырыптарда дөңгелек үстел отырыстары, акциялар және түрлі форматтағы кездесулер ұйымдастырылды.
Жастар арасында жұмыссыздықтың алдын алу - басты міндеттердің бірі саналады. Тұрақты жұмысқа 1273 жас орналасты. Олардың арасында ақылы қоғамдық жұмысқа 201 адам тартылды. “Жастар тәжірибесі” бағдарламасымен 345, әлеуметтік жұмыс орындарына 51, “Алғашқы жұмыс орнына” 51, “Бастау” курсынан 426 жас өтсе,  қайтарымсыз грантты 28 жас жеңіп алды. “Ұрпақтар келісім шарты”, “Жасыл ел”, “Zhas Project” бағдарламаларын иелегендерде бар. 2023 жылдың соңғы күндері ауданымызда 11 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне 15 жұмыс беруші мекеме қатысып, 300 бос жұмыс орындары ұсынылды. Жәрмеңкеге 650 жұмыссыз қатысса, оның 483-і жастар. Жәрмеңке қорытындысымен 201 жас ақылы қоғамдық жұмыстарға, 51 жас әлеуметтік жұмыс орындарына, 340 түлек “Жастар тәжірибесі” бағдарламасына, 51 жас тұрақты жұмыс орындарына жолданып, 1500 жас консультациялық кеңестер алды.
Жастар кәсіпкерлік ортадағы ең маңызды буын болып табылады. Ертеңгі елдің экономикалық өсуі мен даму екпіні бүгінгі жастар бизнесінің дамуына тәуелді. Осылайша, бүгінгі күні жастар кәсіпкерлігі Қазақстандағы шағын бизнес дамуының басым бағыттарының бірі болып табылады. Жастарды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға барынша жағдай жасау жалпы мемлекеттік және өңірлік деңгейдегі түрлі бағдарламаларда қарастырылуда. Аудан бойынша 1346 жас кәсіпкер өз кәсібін дөңгелетуде. Ағымдағы жылы кәсіпкерлікті ары қарай дамыту мақсатында “Ауыл аманаты” жобасы аясында 100 жасқа несие берілді. Сонымен қатар 48 жас кәсіпкер 2,5 пайызбен несие алса, “Бизнес Бастау жобасы” аясында 397 жас біліктілігін арттырды. Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі “Жастар ресурстық орталығы” КММ-і тарапынан жастармен кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жас  кәсіпкерлермен кездесу, мотивациялық кездесу, дөңгелек үстел  отырыстары өткізілді.
“Дипломмен ауылға” бағдарламасының шапағатын көріп жатқан жастардың қатары күн санап өсіп келеді. Аталған бағдарламамен өткен жылы 30 маманға 10 350,0 мың теңге көтерме жәрдемақы берілді. Олардың дені білім беру, денсаулық сақтау, агроөнеркәсіптік кешен және мәдениет саласының мамандары. Сонымен қатар тұрғын үй сатып алуға 20 маманға бюджеттік несие ретінде 103 500,0 мың теңге берілді.
Елімізде қолға алынған игі бастамалардың бірі- “Жасыл ел” бағдарламасы.  Ауданда 2023 жылға бекітілген межеге сәйкес 110 жасты  “Жасыл ел” бағдарламасы аясында жұмысқа тарту көзделіп, 7350,0 мың теңге қаржы қарастырылған. Бағдарлама бойынша олар толықтай жұмысқа тартылып, қаржы толығымен игерілді. Бағдарлама аясында аудандағы 46 нысанда тазалық жұмыстары жүргізіліп, 33,5 тонна күл-қоқыс сыртқа  шығарылып, 481 түп тал-дарақтар отырғызылды.
Аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің хаттамалық тапсырмасына сәйкес,  аудан әкімдігінің бөлімдерімен бірлесіп, ауыл және ауылдық округтерде “2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба”, “Бизнестің жол картасы-2025”, “Дипломмен-ауылға”, “Жастар тәжірибесі”, “Тұрғын үй мәселелері” тағы басқа да мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында “Jastarga kenes”, “Jastarga–bilim”, “Jastarga-qyzmet”, “Jastarga-jumys” жобалары бойынша ауылдық округтерде жастарға кәсіпкерлік, жұмыспен қамту, тұрғын үй, құқықтық, психологиялық түрлі бағытта кеңестер беру үшін түрлі сала мамандарын тарта отырып,  60  көшпелі кеңес беру алаңдары ұйымдастырылды. “Отбасы банкі” кеңесші мамандары кеңестері нәтижесінде “Нұрлы жер” бағдарламасы арқылы 6 жас отбасы, “Шаңырақ” бағдарламасы бойынша 4 отбасы баспана алу үшін өтінім берсе, 98  жас депозит ашты. Қазіргі күнге әр түрлі бағытта 10288 жасқа консультациялық кеңестер беріліп, жастар мәселесін оңтайлы шешу мақсатында тиісті мекемелерге жолданды.
Облыс әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан 3157 Neet  санатындағы жастардың тізімі жіберілген. Ауданда жастарға  адрестік талдау жұмыстары жүргізіліп, өзектендірілуде. Аталған санаттағы жастардың барлығы Отбасының цифрлық картасы ақпараттық жүйесіне енгізілді.Бұдан бөлек, жастарға мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттар беріліп, аудандық “Жастар ресурстық орталығы” тарапынан ұйымдастырылған іс-шараларға жан-жақты тартылуда. Мәселен, Мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын орындау мақсатында және уақытша бос жүрген жастардың уақытын тиімді өткізу мақсатында 2023 жылы аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен  өткен 1231 іс-шараға 31749 жас қамтылған.
Сонымен қатар,  әлеуметтік тапсырыс аясында Neet және пробация есебінде тұрған жастарға мобилографиядан курс өткізілді. Оған 12 Neet және пробация есебінде тұрған жастар қатысып, арнайы сертификат табысталды. Сонымен қатар  “Zhas Project:  Jambul, Ulutau әлеуметтік жобасы аясында Сарыкемер ауылының тұрғыны Гүлдерай Ақбардың жетекшілігімен «Әлди-әлди» бесік жасауы жөніндегі шеберхана-класы» атты жоба іске асырылды. Осы жоба аясында «Дара жол» әйелдерге психологиялық қолдау көрсету клубы іске қосылды. Жоба нәтижесінде көпбалалы, жас отбасыларға, жалғызбасты аналарға қолдау көрсетілуде.
Өркениетті қоғам үшін қымбат қазына - адам, адамның бостандығы мен өмірі десек, бүгінгі жас ұрпақтың осы қымбат қазынаны бағалай білуі аса маңызды. Ауданда жастар мен жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті арттыру бағытымен 188 іс-шара өткізіліп, оған 3609 жас қамтылған.Атап айтқанда, “Айбынды әскер - ел ертеңі” атты акция, “Жастар және қылмыс”, “Тәртіпке бағынған құл болмас” тақырыптарында жастармен кездесулер ұйымдастырылып, аудандық полиция бөлімімен бірлесе “Түнгі рейд” атты рейдтік шаралар жүргізілді.
Ел игілігі жолында еселі еңбек етіп жатқан еріктілер көктемгі дала жұмыстарына, тал егу, көгалдандыру ақцияларына белсене атсалысуда. Әлеуметтік тұрғыдан қолдауды қажет ететін отбасылар қашан да қоғам назарында. Бұл бағытта ауданымызда атқарылып жатқан істер аз емес. Атап айтқанда, еріктілердің қатысуымен “Таза ауыл”, “Экосана”, “EkoLiFe” тағы басқа тақырыптарда сенбілік жұмыстар ұйымдастырылып, ауыл аумағы 18 тоннаға жуық күл-қоқыстан тазартылды. Одан өзге еріктілер “Қамқор” бағыттары аясында әлеуметтік аз қамтылған көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты қарттардың үйіне дәрі-дәрмек, азық-түлік жеткізіліп,  бірнеше үйге тазалық жұмыстары жүргізілді. Мұнымен қатар “Жастар ресурстық орталығы” жанынан «Қамқор» қайырымдылық дүкені ашылып, қазіргі уақытта одан мұқтаж азаматтар өздеріне қажетті киім-кешектерді алуда.
2023 жылдың ақпан айында өңірде жайдарманшылар клубы құрылған болатын. Жайдарман клубының мүшелері «Аказаки» жайдарман командасын құрып, сәуір айында Алматы қаласында ойындарын көрсетсе,  Тараз қаласында өткен ойында жүлделі 3 орынды иеленіп, команда мүшелері Шерхан Мұртаза атындағы университеттен 2023-2024 оқу жылының оқу төлем ақысына 25% жеңілдікке ие болды. Сонымен қатар  «BАIZAQ» пікірсайыс клуб мүшелерінің  облыстық, республикалық дәрежедегі сайыстарда қол жеткізген жетістіктері көңіл қуантады.
Еліміздің ертеңгі болашағы жастардың бүгіннен бастап тәрбие алуы мен Отансүйгіштік қасиеттерінің дамуына ықпал жасау қажет. Ең әуелі жастар бойында рухани-адамгершілік, саяси интеллектік, құқықтық тәрбие басым болғаны жөн. Жастар жас шыбық сияқты. Қалай исең, солай иілуге әзір. Сол себепті жастардың ойын да, бойын да түзу өсіру халықтың басты парызы. Адамзат алдында тұратын ұлы мұрат - міндеттердің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы, рухани бай және ақыл-парасаты мол, мәдени  ғылыми өрісі озық азамат тәрбиелеу. Жастар - жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры. Елдің келешегі солардың қолында.

Обновлено 02.04.2024 10:59
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін627
mod_vvisit_counterКеше2058
mod_vvisit_counterОсы аптада4720
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда627
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2252296

Серіктестер