Онлайн газет



КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАТЫСТЫ ТАЛАП ҚОЮЛАР ҚАНДАЙ СОТТА ҚАРАЛАДЫ

Азаматтық істер кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының соттылығына баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы даулар, ата-ана құқықтарынан айыру, және оларды қалпына келтіру туралы, бала асырап алу туралы, ҚР неке және отбасы заңнамасына сәйкес кәмелетке толмағандарға қорғаншылық пен қамқоршылықтан туындайтын даулар сияқты істер жатады. 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап балалардың мүдделерін қозғайтын отбасылық даулар ювеналды соттарға жіберілуде. Нәтижесінде, облыс орталықтарындағы ювеналдық соттардың штаттары көбейтілген. Онда неке бұзу және бала құқығына қатысты қандайда бір даулардың барлығы қаралады. Осындай дауларды қарау барысында, бір істе неке бұзу, алимент мәселесі, әйеліне үш жасқа дейін баланы асырау үшін төленетін алимент, балалармен кездесу уақыты және дүние-мүлік бөлісу. Егерде тараптар отбасылық дауды аудандық сотта қаралсын десе, онда тараптардың тұрғылықты мекенжайы бойынша қарау туралы қосымша талап тілек алынып, жергілікті соттарда қарала береді.Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар кәмелетке толмағандардың құқықтары  мен заңды мүдделерін қозғайтын даулар бойынша азаматтық істерді қарайды және шешеді. Мәтін негізінде кәмелетке толмаған адамға келтірілген зиянды өтеу туралы талап арыздарды кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттар да қарайды.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың құзыретіне жатқызылатын даулар тізбесі:
- кәмелетке толмаған ортақ балалары бар ерлі-зайыптылар арасындағы некені бұзу, мүлікті бөлу (кәмелетке толмаған балалар болған кезде) туралы;
- баланың тұрғылықты жерін айқындау, соның ішінде бала ата-аналарының біреуімен республикадан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін кеткен кезде айқындау;
- ата-анасының, жақын туыстарының олардан бөлек тұратын баламен қарым-қатынас жасау тәртібін айқындау;
- заңның негізінсіз басқа адамдардың қолындағы баланы алып қою туралы;
- ата-ана құқықтарынан айыру (оларды шектеу) және оларды қалпына келтіру (шектеулерді жою) туралы;
- бала асырап алу және оның күшін жою;
- бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы;
- кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режімде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберу туралы;
- кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық пен қамқоршылықтан (патронаттан) туындайтын даулар бойынша;
- әкесін анықтау және алименттер өндіріп алу туралы;
- он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамның өз кірістеріне өз бетінше иелік ету құқықтарын шектеу немесе олардан айыру туралы арыздар бойынша;
- кәмелетке толмаған адамды әрекетке толық қабілетті деп жариялау (эмансипация) туралы;
- алименттердің мөлшерін өзгерту туралы, кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алимент төлеуден, алименттер бойынша берешекті төлеуден босату туралы;
- кәмелетке толмағандардың еңбек, мұрагерлік, тұрғын үй құқықтарын қорғау туралы;
- Қазақстан Республикасына заңсыз алып келген немесе Қазақстан Республикасында ұсталып отырған баланы кері қайтару туралы немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың негізінде осындай балаға қатысты қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы;
- кәмелетке толмағандар және кәмелетке толғандар бірлесіп, оның ішінде әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі кәмелетке толғандардың қатысуымен келтірілген зиянды өтеу.
Жасы кәмелетке толмағандардың өмірге қалыптасуының кемдігін, өмірлік тәжірибесінің аздығын, ой өрістерінің жетіспеушіліктерін ескеріп, олардың еліміздің Конституциясы мен басқа да заңдары кепілдік берген құқықтарын қорғау мақсатында кәмелетке толмаған әрбір жасөспірімнің құқықтары арнайы мамандардың көмегімен қорғалатын болады. Кәмелетке толмағандардың тұрмысы мен тәрбие жағдайын, оның ой өрісінің, интеллектуалдық және психикалық даму дәрежесін, мінезі мен тегеуріндік ерекшеліктерін, мұқтаждары мен мүдделерін түсініп, осы ерекшеліктердің негізінде оның құқығы бұзылмауын қамтамасыз ететін мамандар қатысуымен сот процесі өтетін болады.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жатқызылған істер кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдерінің өтінішхаты бойынша,баланың тұрғылықты (болатын) жеріндегі аудандық (қалалық) сотта қаралуы мүмкін немесе оған берілуі мүмкін. Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын даулар бойынша азаматтық істерді қарайды және шешеді.

Досжан Төленбеков,
аудандық соттың төрағасы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін919
mod_vvisit_counterКеше2058
mod_vvisit_counterОсы аптада5012
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда919
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2252588

Серіктестер