Қоғамдық қауіпсіздік құқық бұзушылық белгісі ретінде құқық бұзушылық жасау нәтижесінде жеке тұлғаның, қоғамның немесе мемлекеттің мүддесіне зиян келтіреді. Құқық бұзушылықтың ең қауіпті түрі-қылмыс болып саналады. Әрбір құқық бұзушылық қоғамдық, мемлекеттік немесе жеке бастың мүдделеріне залал келтіреді, қоғамға зиянды нәтижелерге алып келеді. Зиян-материалдық және моральдық, өлшеулі және өлшеусіз, физикалық және рухани, маңызды және маңызды емес, қалпына келтірілетін және қалпына
келтірілмейтін болады. Қылмыстар дегеніміз-қоғамдық қауіпті, қылмыстық заңдармен тыйым салынған, адамгершілік тұрғыдан сотталатын, айыпты деп табылған, жазаланатын, мемлекеттік конституциялық құрылысына, оның саяси және экономикалық жүйесіне, азаматтардың құқықтары мен бостандық меншігінің бекітілген түрлеріне қастандық келтіретін немесе құқықтық тәртіпті бұзатын, сондай-ақ, мемлекеттің, қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғалардың заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіретін іс-әрекеттер. Қылмыстық әділ соттың мақсаты қоғамды тұтастай қорғау болып табылады. Сондықтан, қылмыстық сотқа жататын кез келген іс-әрекет қоғамдық қауіпті деп саналады. Нақты айтсақ, құқықтық білім беру арқылы адамдар құқықтың не екенін ұғынады. Құқықты ұғынумен қоса, тұлғаны, заңды құрметтеуге, қорғауға, орындауға дағдыланады және заңның әділдігіне сенеді-құқықтық сана болып қалыптасады. Осыған орай құқықтық жиналыстар, дәрістер, заң қызметкерлерінің қатысуымен кездесулер, ой бөлісулер, пікірталастар мен дөңгелек үстелдер өткізілуде.
Қуандық Ерсейіт, Көктал ауылы әкімі аппаратының әскери есеп жүргізуші жетекші маманы. |