Онлайн газет



АНАЛАР ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚТЫ

Мырзатай орта мектебінің жанынан ашылған «Алтын ұя» шағын орталығында әдіскер Ақжарқын Қуанышбекованың ұйытқы болуымен еңбегімен ел құрметіне бөленген ақжаулықты аналарға  құрмет көрсетілді.
Шара барысында Ақжарқын Русланқызы қонақтарды халқымыздың төл мерекесі-Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап,  өзінің жылы лебізін  білдірді.   «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында: «Адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістікке жетеді, құрметке ие болады. Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары ел тірегі болатын егіз құндылық ретінде әрдайым қатар тұруға тиіс» деген болатын. Саналы ғұмырында адал қызмет атқарып, ел мүддесін бәрінен биік қойған алдыңғы буын аға-апаларымыздың жүріп өткен жолы, қалтқысыз еңбегі бізге үлгі дей келе, Ақжарқын Қуанышбекова ауылдың өсіп-өркендеуіне үлестерін қосқан еңбек адамдарына әрдайым құрмет көрсетіле беретіндігін  жеткізді. Соның ішінде ұрпақ өсіріп, еңбектің көрігін қыздырған, жақсы жар, ардақты ана атанған аналардың еңбегі ерен екендігін, мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығы, өзара сыйластық пен ұлттық құндылықтарды дәріптеудің өзектілігін атап өтті.
Мұнан кейін сөз алған  Мырзатай ауылдық округі аналар алқасының төрайымы Ұланбике Сейдуалиева табиғаттың жаңаруын бейнелейтін көктем мерекесі қарсаңында округте игілікті бастамалар қолға алынғандығын, Наурыз мерекесінің жаңаша сипатта өткендігін айтты. Еліміздің үкілеген үміті-балалардың бойына мейірімділік,  адамгершілік қасиеттерін сіңіру, елге, туған жерге, Отанға адал қызмет ететін азамат етіп тәрбиелеу-ортақ іс екендігіне тоқталды. Жас толқын тәрбиесіне үлестерін қоса беретіндігін айтып, жүрекжарды тілегін әдемі әнмен жеткізе білді. Ардақты аналар Қаламқас Бошаева, Зере Бұралхиева, Гүлшария Жанпейісова өздеріне құрмет көрсетіп жатқан ұжымға алғыстарын айтып, жұмыстарына табыс тіледі.
Әрмен қарай бүлдіршіндер наурыз, көктем, ата-ана, Отан туралы тақпақтарын айтса,  балғын бишілер мың бұрала биледі. Өнерлі балақайлар ән айтып, қошеметке бөленді. Өз кезегінде ақжаулықты аналар ұйымдастырушылар мен талантты бүлдіршіндерге баталарын беріп, ризашылықтарын білдірді.
Шара соңында қонақтарға  Алғыс хатпен, сый-сияпаттар табысталды.

Индира Танирбергенова,
тәрбиеші.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін94
mod_vvisit_counterКеше1415
mod_vvisit_counterОсы аптада6735
mod_vvisit_counterӨткен аптада14779
mod_vvisit_counterОсы айда8929
mod_vvisit_counterӨткен айда64363
mod_vvisit_counterБәрі2624665

Серіктестер