Онлайн газет



ӨРТ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАҢЫЗДАР

Көктем шығысымен ауыл тұрғындары ауласын, бау-бақшасын қураған шөптен, қи-қоқыстан тазартамыз деп қоқыс жағып қараусыз қалдырып, соңы үлкен өрттерге алып келеді. Өрт тұрғын үй, автокөлік және ең басты құндылық - адам өміріне үлкен қауіп тудырады.
Осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмас үшін мынадай өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыздар:
1. Аула аумағын үнемі жанғыш қи-қоқыстардан тазартып тұрыңыз;
2. Аулада қураған шөп, тұрмыстық, қи-қоқыс жағуға жол бермеңіз;
3. Тұрғын үйлерде тез тұтанғыш сұйықтықтарды (керосин, бензин тағы басқа) сақтауға қатаң тыйым салынады.
4. Үйлерге жақын және салынып жатқан құрылыс шатырларында шөп жинауға;
5. Ас бөлмесі, дәліз, шатырларды қираған үй жиһаздарымен және бөгде заттармен бөгеуге;
6. Шөп жинайтын пен қоймаларда ашық от көздерімен (жанып тұрған факелмен, шақпақ тағы басқа)  жүруге;
7. Балалардың сіріңкемен және ашық от көздерімен ойнауларына жол бермеңіздер.
Естеріңізде сақтаңыздар! Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау - әр  азаматтың міндеті. Өрт қауіпсіздік қағидаларын бұзған азамат - әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын естен шығармаңыздар.

Жансерік  Есқараев,
аудандық  Төтенше жағдайлар бөлімінің аға анықтаушысы,  азаматтық қорғау капитаны.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін471
mod_vvisit_counterКеше2058
mod_vvisit_counterОсы аптада4564
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда471
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2252140

Серіктестер