Онлайн газет



Нашақорлықтың зияны түсіндірілді

Елбасы Н.Ә.Назарбаев ел халқына арнаған биылғы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында сан саланы қамти отырып: «Денсаулық сақтау саласындағы басты басымдық – алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту. Міндетті медициналық сақтандыру енгізу мәселесін

зерттеген жөн. Мемлекеттің, жұмыс берушілердің және қызметкердің денсаулық үшін ортақ жауапкершілігі – медициналық қызметтің барлық жүйесінің басты қағидаты. Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтана білу, жүйелі профилактикалық тексерілу – аурудың алдын алудың» негізі деген болатын.
Деніміздің саулығы зиянды әрекеттерден арылумен де тікелей байланысты. Соның ішінде нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу бүгінде қоғам үшін қомақты мәселелердің бірі болып саналады. Нашақорлықтың зиянына байланысты “Салауатты өмір - көтеріңкі көңіл” атты  жиын жуырда Ғ.Мұратбаев мектеп-гимназиясында ұйымдастырылды.
Оны ашып, жүргізген осы білім ордасының психолог мамандары С.Қалабаева, А.Алтаевалар нашақорлық, онымен күрес жолында әлем елдерінің қолға алған іс-шаралары жайында айтып, жастарды жаман әдеттерден жиренуге шақырды. Ғасыр дертіне байланысты түсіндірме жұмыстары экранда слайд, бейнероликтер арқылы көрсетіліп тұрды.
Мұнан соң «Қызғалдақ», «Бәйшешек», «Раушан», «Қалампыр» топтарына бөлінген мектеп-гимназияның 10-11-сынып оқушылары қағаз бетіне нашақорлықтың зардабы жөніндегі өз ой-пікірлерін суретпен салып шықты. Ал, топ басшылары болған аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы А.Қалмамбетова, аудан әкімдігі білім бөлімінің әдіскері И.Спаналиева, нарколог дәрігер С.Мәжібаев және ЖОСӨСҚО Байзақ аудандық филиалының жетекшісі С.Бөлтірікова, «Жастар орталығының» Сарыкемер ауылдық округі бойынша ұйымдастырушысы Ә.Құрманалиевтер салынған суреттерге сай өз ой-пікірлерін ортаға салды.  Денсаулыққа ден қою балалық шақтан басталуы керектігін, әсіресе адам өміріне қауіп төндіретін аурулардың алдын алу, ол үшін салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдану керектігін ауызға алып, еліміздің ертеңгі егелері – жастарға білімді де білікті азамат болып өсулеріне тілектестіктерін білдірді.

 

Өз тілшіміз.

Обновлено 14.04.2014 18:29
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін173
mod_vvisit_counterКеше2035
mod_vvisit_counterОсы аптада2208
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда42398
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2249784

Серіктестер