Онлайн газет



ЕЛДІК ПЕН БІРЛІКТІҢ МЕРЕКЕСІ

Қымбатты аудан тұрғындары!
Баршаңызды  келе жатқан Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз – ежелден келе жатқан мейрам. Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін Табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы деп бағалаған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен биыл Наурыз мерекесі 14-23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігінің әрбір күніне атау беріліп, сол тақырып атауымен  жаңаша сипатта тойлануда.
Былтырғы жыл аудан үшін табысты жыл болды. Барлық салада толымды жетістіктерге қол жеткіздік. Қол жеткен жетістіктер-аудан халқының бекем бірлігі мен тату тірлігінің ортақ жемісі.
Ырыстың - ынтымаққа, берекенің-бірлікке бітетінін аудан халқы жақсы біледі. Бүгінде ежелгі мейрам біздің жаңарған қоғамымызбен үйлесім тауып, тәуелсіз елімізде бірлік пен ынтымақты нығайтуда маңызды рөлге ие болды.
Қадірлі жерлестер!
Ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған әз Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін.
Ұлыстың ұлы күні - әз Наурыз елімізге тыныштық, жерімізге молшылық, әрбір отбасына бақ-береке, ырыс-құт әкелсін.
Еліміздегі тұрақтылық тұғыры бекемделіп, бақ-берекеміз арта берсін!
Ұлыс оң, ақ мол болсын!

Бақыт Қазанбасов,
аудан әкімі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін836
mod_vvisit_counterКеше1845
mod_vvisit_counterОсы аптада9350
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда38953
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246339

Серіктестер