Онлайн газет



ТИІСТІ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ

Өткен аптада аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың төрағасы Бақтияр Ақбаевтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХІ сессиясы болды. Сессияға 17 депутаттың 16-ы, аудан әкімінің орынбасары Дулат Жақыпбеков, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Сессияда «2024-2026 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №17-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Қайрат Тайлақбаев баяндады.
Баяндамада айтылғандай ауылдық округ бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің сұраныстары бойынша округ бюджетіне өзгерістер енгізілуі ұсынылды.
Ауылдық округтер бойынша каналдарға күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірлеуге, футбол алаңшасын  орнатуға, жол бойын, ойын алаңын абаттандыруға, жаяу жүргінші жолын жөндеуге, көпірлерді  ағымдағы жөндеуден өткізуге қаржылар қаралды.
Депутаттар  қаралған мәселеге байланысты оны қолдап, дауыс берді. Осылайша тиісті шешім  қабылданды.
Сессия соңында Б.Ақбаев депутаттарды кезекті сессияның күн тәртібімен таныстырып, оған жан-жақты дайындалып келу керектігін ескертті.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін935
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада935
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39936
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247322

Серіктестер