Онлайн газет



ИГІ БАСТАМАҒА- ІЗГІ ТІЛЕК

Наурыз ықылым заманнан бері жыл басы ретінде қалыптасқан мейрам. Тіршілігі табиғатпен етене байланған бабаларымыздың кезінде Наурыз жылдың һәм жаңарудың бастауы саналған. Өйткені, қараңғылық қоюланатын түннің қысқарып, шуағын шашқан күннің ұзаратын сәтінің келуі тіршілік әлеміне тың серпін әкеледі.
Ақ түйенің қарны жарылған Ұлыстың Ұлы күні қазақ елі үшін қашанда қасиетті әрі киелі саналған. Бұл күні халқымыз ұлттық нақыштағы әсем ою-өрнекпен кестеленген көркем киімдерін киіп, бір-біріне деген өкпе-ренішті ұмытып, арқа-жарқа болып амандасып, төс қағыстырып, жүрек жарды ізгі тілектерін ақтара айтқан.
Наурыз мерекесі елімізге ресми түрде  62 жылдан соң оралды. Яғни 1988 жылдан  бастап үлкен  қалалар мен ауылдарда қайтадан тойлана бастағаны баршамызға белгілі. Қазақ КСР Президентінің 1991 жылғы 15 наурыздағы Жарлығымен 22 наурыз-Наурыз мейрамы деп жарияланды. 2010 жылдан бастап Наурыз мейрамы үш күн бойы- наурыздың 21-інен 23-іне дейін кеңінен атап өтілетін болды. 
2009 жылы ЮНЕСКО Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енгізді. 2010 жылы біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 21 наурызды “Халықаралық Наурыз күні” деп белгілеу туралы қарар қабылдады. 
Биыл Мемлекет басшысының ұсынысымен Наурыз мейрамының арнайы тұжырымдамасы жасалып, бұдан былай жыл сайын 14-23 наурыз аралығында “Наурызнама”  онкүндігі өткізілетін болып шешілді. Осылайша ұлық мерекемізді тойлаудың жаңаша дәстүрі енгізіліп отыр. Көрісу күніне бастау алған мереке Қайырымдылық, Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр, Шаңырақ, Ұлттық киім, Жаңару, Ұлттық спорт, Ынтымақ, Жыл басы, Тазару күндеріне жалғасып, ұлттық  құндылықтарымызды ұлықтауға арналғаны көңіл қуантады.
Наурызды жыл басы, көктем басы, мереке басы деп санайтын халқымыз «Ұлыстың ұлы күні» деп ерекше құрметтейді. Сондықтан Жыл басы Наурыз жалпыхалықтық мереке ретінде аталып өтіледі.
Елімізде өмір сүріп, еңбек етіп жатқан барша жұрттың ынтымағын жарастырып, ырысын тасытар айрықша мерекемен  тұрғындарды шын жүректен құттықтаймын. Ырыс пен берекенің арқауы болған Әз Наурыз құтты болсын.
Еліміз тыныш, жұртымыз аман, атар әр таң шат көңіл, бақыт пен береке сыйласын.

Досжан Төленбеков,
аудандық соттың төрағасы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1176
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада1176
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40177
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247563

Серіктестер