Онлайн газет



АТАСЫ ҚОЙҒАН ЕСІМІН

Биылдан бастап мұсылман қауымының жыл басы болып  есептелетін Наурыз мерекесін елімізде жаңа тұжырымдама бойынша тойлау қолға алынып, Наурызнаманың онкүндігінің әрқайсысына айрықша атау берілгені белгілі. Демек, әз Наурыз мерекесі 14-наурыздағы “Көрісу күнінен” бастау алса, 23-наурызда «Тазару күнімен» қорытындыланатын болады. Ал кеше  «Ұлттық киім күні» атап өтілсе, бүгін еліміз бойынша «Жаңару күні» кең көлемде атап өтілмек. Бұл күн тазалық жағдайына арналады.
Шындығындада күн мен түннің теңеліп, жаңару мен жаңғырудын, береке мен бірліктің бастауы болған Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі соңғы жылдары жаңаша сипат алып келеді.
Еліміз КСРО құрамында болған кезде сол дәуірдегі солақай саясаттың салдарынан қазақ өзінің тілінен, ділінен, салт-дәстүр, әдел-ғұрпынан айырылып қала жаздады. Қаншама  жылдар араға салып, сол ұмыт болып қалған салт-дәстүріміздің жаңғыруы, Наурыз мерекесінің ортамызға қайта оралуы қуанышты жағдай. Ал бұл мерекенің 2-3 күн ғана емес, әр күнге арнайы атау беріліп, 10 күн бойы тойлануы өте дұрыс болған шешім деп білеміз.
Қазақтың тілі әлемдегі ең бай әрі шұрайлы тілдердің бірі екені жасырын емес.  Сондықтанда әрбір адамға қойылған есімдердің де өзіндік себептері мен мағыналары әртүрлі болып келеді.
Наурыз мерекесі қарсаңында мерекенің құрметіне арнап есімін Наурызбек қойған жігітпен кездесудің сәті түсті.
- Мен 1991 жылдың 20 наурызы күні Өзбекстанның Хорезм облысында өмірге келген екенмін. Үйдің тұңғышы болғандықтанда Қадырбай атам мені өз бауырына басып, есімімді мереке қарсаңында туғандықтан болар Наурызбек деп қойыпты.  Бұл Қазақстанда ұзақ жылдар ұмыт болған  Наурыз мерекесін қайтадан қолға алған кезі екен. Әрі бұл атамның өз Отанына жете алмай аңсап жүрген уақыты болса керек. Атамның негізгі туып өскен жері Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы екенін кейін білдім. Сондықтанда біз 2010 жылы Жамбыл облысының Жуалы ауданына көшіп келдік, - дейді Наурызбек Серікбайұлы.
Он жылдан аса әке-шешесі Серікбай мен Жамиланың қолында болған Наурызбек мен Салтанат 2020 жылы Үлгілі ауылына қоныс  аударады. 3 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отырған жас отбасы бүгінде жаңа ортаға үйренген. Наурызбек құрылыс жұмысымен айналысса, Салтанат ақылы қоғамдық жұмыста істеп нәпақасын табуда.
- Үлгіліге көшіп келіп, үй салып, ел қатарлы өмір сүріп жатырмыз. Биыл қасиетті Рамазан айы Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр. Мен аталған мереке қарсаңында туып, маған  мереке құрметіне Наурызбек деп есім берген Қадырбай атам мен Мариям әжеме үнемі ризашылығымды айтып отырамын.  Мен өз есімімді мақтан етемін. Мектепке барғанша ата-әжемнің қолында болдым. Енді міне өз тәуелсіздігін алған өз елімнің азаматы ретінде ел қатарлы өмір сүріп жатырмыз, - дейді Наурызбек Қадыров.
Біз өзге мемлекеттерге барғанда өзімізге лайықты есімдеріміз де еліміз бен ұлтымызды айшықтай түсетін болады. Сондықтанда болмашы нәрсеге еліктемей, сәбилерімізге ат қоюда өзімізге тән есімдерді таңдағанымыз жөн. Бұл ретте өзге мемлекетте жүріп, немересіне ұзақ жылдар ұмыт болып, қайта оралған Наурыз мерекесі құрметіне Наурызбек деген есімді берген Қадырбай ақсақалдың оңды ісі өзгелерге  үлгі болса игі.

Сүндетулла ӘБІЛОВ.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін467
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада467
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39468
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246854

Серіктестер