Онлайн газет



ЖАРАЙСЫҢ, АСЛАНБЕК!

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасына жолдама беретін халықаралық лицензиялық іріктеу турнирінде бокстан ұлттық құраманың капитаны, жерлесіміз Асланбек Шымбергенов барлық қарсыластарын ұтып, 71 келіге дейінгілер арасында ең мықты боксшы екенін дәлелдеді. Ол шешуші ширек финалда әзербайжандық 2021 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Сархан Әлиевті 5:0 есебімен ұтып, жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға жолдаманы ұтып алды. Сөйтіп ол Азия ойындарында төрешілер кінәсінен ала алмаған лицензияға өзінің әлемдегі мықты боксшылардың бірі екенін дәлелдей отырып қол жеткізді.
Бұған дейін Азия, әлем чемпионаттарында топ жарған ауданымыздың мақтанышы, Байзақ ауылының тумасы Асланбек Шымбергеновке Олимпиада ойындарында алтыннан алқа тағуын  тілейміз.

Сүндетулла ӘБІЛОВ.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін392
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада392
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39393
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246779

Серіктестер