Онлайн газет



ГЕНДЕРЛІК ШЕКТЕУГЕ ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ

Тәуелсіз еліміздің тұғырын биіктетуде қыз-келіншектердің еңбегі ерен. Әсіресе, Кеңес Одағы тарап, жас мемлекеттің іргесін бекітіп, болашағын айқындауда еліміз біраз қиындықпен бетпе-бет келгені шындық. Жұмыс орындары жабылып, азық-түлік бағасы бақылауға бағынбай тұрған тұста отбасыларды сақтап қалған да аналар болатын. Ендеше, отбасы мен мемлекеттің тірегіне айналған әйелдердің кез келген қызметке араласуына ешқандай тыйым, шектеу болмауы керек. Бұл демократиялық, зайырлы мемлекеттің басты шарты.
Қазақстан әйелдерінің қоғамдағы рөлі ерекше. Бүгінде қай саланы алсаңыз да әйелдер араласпаған, қыз-келіншектердің ықпалы болмаған орта аз. Әйелдер өзінің жауаптылығымен, тиянақтылығымен, нәзіктігімен, бейбітшілік сүйгіштігімен өз ортасының көшбасшысына айналуда. Біздің сот саласында еңбек етіп, кәсіби біліктілігімен, терең білімімен, жастарға деген жанашырлығымен көпшіліктің құрмет-ықыласына бөленіп жүрген қыз-келіншектер аз емес. Сот жұмысының тылындағы шаруаларды шашауын шығармай атқарып отыратын кеңсе мамандарының басым бөлігін әйелдер құрайды.
Біздің елімізде гендерлік саясаттың міндетіне билік құрылымына әйелдер мен ерлердің тең қатысуын, экономикалық тәуелсіздік үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, отбасындағы тең құқықтар мен міндеттер үшін талаптар құру, жыныс белгілері бойынша күштеу бостандығын қамту кіреді. Бүгінде бұл бағыттағы іс-шаралар оң нәтижесін  беріп отыр.
Гендерлік стратегия іске асырылған жылдары отбасылық-неке  қатынастарында тұрған ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің кеңеюіне жол ашылды. Отбасы міндеттерін еңбек қызметімен ұштастыру мүмкіндіктерін жасау мақсатында еңбек заңнамасында ата-аналардың икемді жұмыс түрлері мен бала күтімі бойынша демалыс алуға құқықтары туралы нормалар бекітілгенін де айта кеткен жөн. Сонымен қатар, әйелдердің, жүкті әйелдердің еңбегін реттеу ерекшеліктерін бекітетін нормалар да пайда болды. Осының бәрі Қазақстанда гендерлік шектеуге жол берілмейтінін, керісінше, отбасы мен қызметін қатар алып жүргісі келетін қыз-келіншектерге барынша жағдай жасалатынын көрсетеді.

Баян БайҒонысова,
аудандық сот  әкімшісінің бас маманы-сот отырысының хатшысы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін234
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада234
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39235
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246621

Серіктестер