Онлайн газет



Елі үшін туған ер еді...

Е. Тоқымбаев,
еңбек ардагері.
Жақаш ауылы.

Болашағын бағамдау үшін кез келген халықтың өткенін саралап, бүгініне баға берері хақ. Тасқа басылған тарихтың жарқын тұстары халықты ерлік пен елдікке үндеп, келер ұрпақты жарқын болашаққа  жетелейді. Бұрылысы мен құбылысы көп адамзат тарихында, соның ішінде қойнауы тұнған тарих, таусылмас шежіре саналатын Байзақ өңірінде мақтан тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Солардың бірі-қоғам қайраткері Төребай Ақбозов ағамыз еді.
Бұл оқиға 1977 жылы болған еді. Ол кезде біз тұратын ауыл- Кеңес Одағының Батыры Ақәділ Суханбаев атындағы колхоз болатын.  Қарбалас шақ. Қойларды Сарыарқаға көшіру науқанымен  шапқылап жүргенбіз. Қой айдауға жәрдемші іздеп Көкөзек ауылына барып, одан кейін  құм жиегіндегі “Сасай” шұратында  қоныстанған шопандарға жем алып бару үшін “Газ-66” автокөлігімен Көкөзектен құмға бет алдық. Жүргізуші Б.Ержанов екеуміз жол жиегіндегі  қорымға құран оқу үшін сәл кідірген кезде  зират шетінде кісі бойынан биік құлыптастағы жазуға көзім түсіп кетті. Бұл марқұм Көкөзек ауылының тумасы, облыста басшылық қызметтер атқарған Төребай Ақбозов ағамыздың мәңгілік мекені болып шықты.  Қоршаудың бір жақ бұрышы  майысыпты. Трактордың ізі жатыр. Көлік егесі артқа берем дегенде арақашықтықты сақтамай қоршаудың бір жақ бұрышының темір тіреуін ішке майыстырып жіберген секілді. Байхаш екеуміз майысқан жерін  әліміз келгенше  түзеп жолға шығып кеттік.
Жолда келе жатып ардақты ағамен алпысыншы жылдары кездескен кезім есіме түсті. Төребай аға облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы қызметін атқарып жүрген кезі  еді.  Жамбыл қаласындағы Төле би көшесінде тұратын. Бір жұмыспен ол кісінің үйіне баруыма тура келді.  Қасымда Орынбек Тлеубаев. Ол кезде Орынбек ауыл шаруашылығы институтының студенті.Жоғары оқу орнын бітірген соң Орынбек  ауданымыздың өсіп өркендеуіне сүбелі үлес қосып қана қоймай, Суханбаев атындағы ұжымшарды бірнеше жыл басқарды, Көкөзек ауылындағы білім ошағына Ақбозовтың есімін беру жолында тер төккені баршамызға аян.  Аулаға кіргенімізде бізді Төребай ағаның немере інісі А.Кәрентаев қарсы алды.
Жұпыны  диванда әңгімелесіп отырған  екі кісі бізді көрген сәтте  әңгімелерін доғарып, бірден сәлемімізді алған соң, бергі шетте отырған денелі кісі-Төребай Ақбозов, екіншісі-Шу ауданының  азаматы екенін аңғардық.  Жеңгеміз Қалия біздерді жылы қарсы алды, дастарханынан дәм таттық. Ертеңіне ағамызға жолығып, ауыл, мал шаруашылығы  төңірегіндегі   ұсыныстарымызды тыңдап, өзінің келелі кеңесін  берген болатын.
“Жақсыда жаттық жоқ” деген емес пе? Төребай аға кең пейілді,  істін көзін таба білетін, үлкен-кішіге қамқор, айрықша жаратылған жан болатын. Ал құдай қосқан  қосағы Қалия жеңгейдің қолы ашық, ақжарқын, кісіні жатсынбайтын парасатты кісі еді.
Қоғам қайраткері,  ауыл шаруашылығы өндірісінің көрнекті ұйымдастырушысы Төребай Ақбозов 40 жылғы ғұмырын ел, қоғам ісіне сарп етіп, өнегелі өмір кешті.  Жақсының жүріп өткен еңбек жолы жалпыға сабақ, әсіресе, кейінгі келешек үшін ғибрат. Халық тосқан қапысыз мінез, аласармайтын адами, кісілік қасиеттерімен дараланған ағамыз еліне елеулі, халқына қалаулы болғандығын уақыттың өзі көрсетті.

Обновлено 14.04.2014 18:23
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін236
mod_vvisit_counterКеше2035
mod_vvisit_counterОсы аптада2271
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда42461
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2249847

Серіктестер