Онлайн газет



Тазалыққа атсалысты


Дініміз ислам тазалыққа өте қатты көңіл бөліп, оның маңыздылығын жан-жақты түсіндіреді. Ерікті, еріксіз құлшылықтардың барлығы тазалықтан басталады. Қасиетті Құран «Бақара» сүресінің 222-аятында: «Сөзсіз Аллаһ тәубе еткендер мен тазалағандарды жақсы көреді», – деп  тазалықты мадақтайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с)  «Тазалық иманның жартысы» - деген екен. Шындығында көріктендіру мен көгеріштендіру және тазалықтың  екі айлығында аудан көлемінде бірталай тірліктер атқарылды. Елдімекендер  қыстан жиналып қалған күл-қоқыстардан тазартылды.  Тал-дарақтар егіліп, айналамыздың реңі кіріп қалғаны да шындық. Екі айлыққа орай, Байзақ ауданының орталығы Сарыкемер ауылындағы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы  Рамиз Азизовтың  ұйытқы болуымен   имандылық ордасының айналасы қыстан жиналып қалған қоқыстардан тазартылып,  тал-дарақтардың қураған бұтақтары оталды,   ағаштардың түптері әктеліп,  жаңадан гүлзарлар отырғызылды. Мұнымен қатар  ауылдық округтерде  орын тепкен мешіттерде де  тазалық жұмыстары жүргізілуде.Әсіресе «Бейшен ата», «Тілеш ата», «Әл Нағым», «Аққия ауылы» мешіттерінде  жүргізілген жұмыстарға көпшілік белсене атсалысты.

Өз тілшіміз.

Обновлено 14.04.2014 18:21
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін256
mod_vvisit_counterКеше2035
mod_vvisit_counterОсы аптада2291
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда42481
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2249867

Серіктестер