Онлайн газет



Скринингтен өтіңіз!

Р. Сапарбеков,
Байзақ аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрығы негізінде, 2007 жылдан бері ересектер арасында қан айналым жүйесінің ауруларын (артериалдық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы) және қатерлі ісіктерді (сүт безі мен жатыр мойнының, тоқ және тік ішектің қатерлі ісіктері) глаукома, қант диабетін анықтауға бағытталған алдын алу тексерулері басталған.
Қазіргі кезде өткізілген алдын алу іс-шараларының қорытындысы – скрининг-зерттеулерінің әрі қарай динамикалық қадағалап, сауықтырудың тиімділігінің жоғары екенін көрсететті.
Медициналық алдын алу тексерулері медициналық тексеру мақсатында халықты диспансеризациялау, денсаулықты нығайту  мен қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру, аурулардын дамуын алдын алу, халықты үздіксіз сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.
Динамикалық қадағалау мен сауықтырумен жалғасатын алдын алу тексерулерін өткізудің тиімділігінің негізгі көрсеткіштері: аурушаңдылықтың  төмендеуі, қауіпті факторлардың таралу деңгейі, диспансерлік қадағалау тобындағы өзгерістер.
Өткізілген медициналық алдын алу тексерулерінің қорытындылары бойынша келесі топтар анықталады:
1. Денісаулар - шағымдары жоқ және анамнезі мен дәрігердің тексеруі кезінде созылмалы аурулары жоқ немесе органдары мен жүйелері қызметтерінің бұзылуы байқалмаған адамдар – І диспансерлік топ.
2. Практикалық денісаулар – амнезияның соңғы бірнеше жыл ішінде асқынусыз, өршусіз жедел және созылмалы ауруы бар адамдар – ІІ диспансерлік топ.
3. Аурулар – емді қажет ететін адамдар – ІІІ диспансерлік топ.
4. Қауіпті факторлары барлар – динамикалық қадағалауды қажет ететін «қауіпті» жағдайдағы адамдар – ІV диспансерлік топ.
Дені сау және практикалық дені сау адамдар, топтарын анықтағаннан кейін 2-3 жылда 1 рет, өздері қаласа – жылына 1 рет қаралады.
Ауру топтар – хаттамаға (стандартқа) сәйкес диспансерлік қадағалауға алынады.
Аурулардың пайда болу қауіпі факторлары бар адамдарға динамикалық  қадағалау мен алдын алу іс-шаралары денсаулық сақтау саласының өкілетті өкілімен бекітілген БМСК-тің медициналық қызметкерлерінің салауатты өмір салтын насихаттау, негізгі әлеуметтік елеулі аурулардың қатерлі факторларын алдын алу жөніндегі іс-қимыл Алгоритмдеріне сәйкес жүргізіледі.
Медициналық нәтижелілік:
1. Жалпы нәтиже көрсеткіштері: сауығу, жақсару, өзгеріссіз, нашарлау, өлім.
2. Арнайы көрсеткіштер:
- Мақсатты топтарды алдын алу бағдарламаларымен қамту (динамикадағы қауіп факторының таралу деңгейі: темекі шегу, алкоголь, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі).
- Артериалдық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, жатыр мойнының, сүт безінің қатерлі ісігін ерте анықтау.
Әлеуметтік нәтижелілік:
- Мақсатты топтар арасында әлеуметтік сауалнамалар өткізу арқылы тұрғындардың медициналық көмекке қанағаттануы/қанағаттанбауы туралы.
- Еңбекке жарамсыздық, аурудың өршу күндерінің, денсаулықтың төменгі топтағы деңгейіне өту көрсеткіштері.
Өткізілген алдын алу іс-шараларының нәтижелілігін жоғарыда аталған көрсеткіштермен бағалау медициналық көмектің сапасын арттырады.
Алдын алу жұмыстарын күшейту жалпы халық денсаулығын жақсартуға мүмкіндік береді.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін14
mod_vvisit_counterКеше2035
mod_vvisit_counterОсы аптада2049
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда42239
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2249625

Серіктестер