Онлайн газет



Байзақ аудандық мәслихаты депутаттарының 2016 жылғы 3 қарашадағы Жамбыл облысы аумағында болған жойқын желдің зардабы мен залалын жоюға арналған аудан халқына үндеуі

Құрметті
Байзақ ауданының тұрғындары!
2016 жылдың 3 қарашасынан 4 қарашасына қараған түнде Жамбыл облысында жойқын жел болғанына өздеріңіз куәсіздер. Секундына 30-35 метр жылдамдықпен соққан желдің әсерінен облыста және оған қарасты аудандарда төтенше жағдай жарияланды. Желдің салдарынан елдімекендердегі көптеген әкімшілік нысандар, білім ордалары, балабақшалар, денсаулық сақтау мекемелері, әлеуметтік мекемелер және тұрғын үйлер едәуір зиян шеккені белгілі. Талдар, жоғары кернеулі бағаналар құлап, аудан тұрғындары жарықсыз қалды. Жойқын желдің екпінінен біздің ауданымызда 25 білім мекемелері, 3 мәдениет ошақтары, 2 спорт объектісі зардап шекті.
“Апат айтып келмейді”. Осындайда халықтың қолдауы қажет-ақ. Желдің зардабын жоюға аудан тұрғындары түгел жұмылдырылып, едәуір жұмыстар атқарылды. Сенбі күні аудан тұрғындары сенбілікке шықса, бүгінгі күнге барлық елді мекендерге электр жарығы толығымен берілді. Дегенмен, дауылдың салдарынан зардап шеккен нысандарды қалпына келтіруге әлі де көп қаражат қажет екенін айтқымыз келеді.
Жылдың соңы, бюджет қаржысының басым бөлігі игерілгендіктен қаржыдан қиындықтар туып отыр. Оның үстіне осының алдында ғана Талас өзені тасып, оған төтенше жағдайға қарастырылған қаражаттың жұмсалғанын да білеміз. Сондықтан, біздер Байзақ аудандық мәслихат депутаттары аудан тұрғындарын «Табиғат апатының зардаптарын жоюға ел болып атсалысайық!» деп үндеу жариялап отырмыз. Орын алған зардаптарды қалпына келтіру үшін біз өз тарапымыздан бір күндік табысымызды «Сенім»  қорына аударамыз деп шештік және Сіздерден де осы бастаманы қолдауды сұранамыз.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді дана халқымыз. Ендеше табиғат апатынан болған зардаптарды жоюға бәріміз атсалысайық, ағайын!
Табиғат апаты салдарын жоюға арналған қаражаттарды мына арнайы шотқа аударуға болады:
«Сенім» мемлекеттік қайырымдылық қоры
БИН 030640008844
Қазақстанның халық банкі АҚ
КZ616010161000021496
HSBKKZKX
Кбе 18

Үндеу Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттары бірлестігінің Байзақ аудандық өкілдігінің ұжымында талқыланып, бекітілді.

 
Бастаманы қолдаймыз!

К. Беспаев,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Өткен бейсенбі күні облысымызда қатты дауыл орын алды. Табиғаттың тосын мінезінен аудан аумағындағы көптеген нысандардың шатыры ұшып, ғимараттарға зиян келді. Секундына 30-35 метр жылдамдықпен соққан желдің зардабынан білім ошақтары, мәдениет нысандары т.б. мекемелерге үлкен зиян келді. Сондықтан, Байзақ аудандық мәслихаты депутаттарының Жамбыл облысы аумағында

Толығырақ...
 
Мұрағат-тарих айнасы

М.Еркебуланова,
аудандық мұрағат директоры.

«Әрбір адам біздің мемлекетімізге, оның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін талдап жасау қажет. Елдің проблемалары да, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуға тиіс»,- деген еді Елбасы. Шындығында да тарихты жасайтын-халық, сақтайтын- мұрағат.
Мұрағат немесе архив дегеніміз-тарихи

Обновлено 09.11.2016 15:59
Толығырақ...
 
Мы - ровесники Независимости

За 25 лет Независимости Казахстан добился больших высот и получил мировое признание. Наша Родина со дня обретения Независимости сделала огромный рывок вперёд. Страна ещё в стадии становления, ведь 25 лет, даже по человеческим меркам, – небольшой срок, но нашу страну ждут большие достижения. Молодому поколению осталось только сохранить то, что у нас есть, и приумножить богатство страны.
В рамках информационно-пропагандистской акции к 25-летию Независимости Казахстана, сегодня  говорят ровесники Независимости.
Мы предоставляем слово инвалидам, которые нашли

Толығырақ...
 
Азамат асуы

Ш.Мырзалиев,
“Құрмет” орденінің иегері.
Байзақ ауданының Құрметті азаматы.


Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы
10 жылдығындағы елдегі күрделі әлеуметтік- экономикалық жағдай бәріміздің есімізде болар. Жұмыссыздық, елдің тұрмыс-тіршілігі, ахуалының күрт төмендеуі қоғамда түрлі әлеуметтік қайшылықтардың үдей түсуіне әкеліп соққаны белгілі. Осындай күрделі кезеңде ел алдында үлкен мақсаттар тұрды. Ол мақсат-дамыған, әлем мойындаған, халықтың әлеуеті артқан, экономикасы қуатты, Тәуелсіздігі баянды мемлекет құру болатын. Міне  сол қиындықтарды жеңген Қазақстан 25 жылда әлем төріне озып, дамыған елдер қатарына шықты.

Бүкіл еліміздегі сияқты Байзақ ауданында да әлеуметтік-экономикалық тұрғыдағы оң өзгерістер

Обновлено 09.11.2016 15:56
Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 1981 1982 1983 1984 1985 1986 1987 1988 1989 1990 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін728
mod_vvisit_counterКеше2773
mod_vvisit_counterОсы аптада15302
mod_vvisit_counterӨткен аптада20186
mod_vvisit_counterОсы айда38262
mod_vvisit_counterӨткен айда109834
mod_vvisit_counterБәрі4513332

Серіктестер