|

Қазақтың түтіні түзу шыққан әрбір ауылында батасы дуалы, сөзі өтімді, ел бірлігі мен жастарының тәрбиесіне жанын салатын қариялары болады. Қашан көрсең қарапайымдылығынан танбай, сабырлы мінез, салмақты сөзінен айнымайтын, жағымпаздыққа жаны қас Сәбит Айтбаев-сондай қариялардың бірі десек артық айтқандық емес. Кезінде Ұлы Отан соғысының алдында 1940 жылы сәуір айының 26-сы күні ауданымыздағы Аймантөбе ауылында кедей-шаруа жанұясында өмірге келген Сәбит Ленин атындағы колхозда орта мектепті тәмамдаған соң 1961 жылы Жамбыл қаласындағы автооқу комбинатына оқуға түсіп, автокөлік жүргізушісі мамандығын алып шығады. Ленин атындағы колхозда 1968 жылға дейін жүргізуші болып еңбек етті. Содан кейін Михайловка автокөлік кәсіпорнында экспедитор, қозғалыс қауіпсіздігінің аға инженері, инженер ПТО, №1 автокөлік сапының
|
|
Обновлено 17.01.2017 10:09 |
|
Толығырақ...
|
|

Б.ЖАҚСЫМБЕТОВ, “Ауыл жаңалығы”.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысуда. Апта басында облысымызға арнайы келген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Ертарғын Астаев пен Мұратбай Жолдасбаев алдымен Жамбыл, сосын Байзақ ауданында болды.
Ауданымызға атбасын бұрған Сенаторлар алдымен еліміздің «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасы аясында, Жаңа жыл қарсаңында іске қосылған Мырзатай ауылдық округіндегі жылына үш мың тоннадан астам
|
|
Обновлено 12.01.2017 09:39 |
|
Толығырақ...
|
|

М.МАНЕКЕЕВ, “Ауыл жаңалығы”.
«Нұр Отан» партиясының атынан сайланған Мәжіліс депутаттары өңірлерді аралап, кездесулер өткізіп жатқаны туралы көзі қарақты оқырман құлағдар. Ағымдағы жылғы қаңтардың алтысы күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері
|
|
Обновлено 12.01.2017 09:37 |
|
Толығырақ...
|
|

А.Алдабергенов, “Ауыл жаңалығы”.
Қазақ қашанда қартын құрметтеген. Туған елінің туын биік ұстауды мақсат тұтқан Елбасы әрқашан қариясын құрметтеп, кейуанасын сыйлауды өскелең буынға ұлағат етіп келеді. Өткен жексенбі күні облыстық мәслихаттың депутаты, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Дария Қожамжарова, «Қазфосфат»ЖШС-інің бас директоры, Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров және “Қазақстан” РТРК” Ақ Жамбыл облыстық филиалының директоры Мейрамбек Төлепберген, Байзақ аудандық мәслихатының хатшысы Н. Тлеповтер даңқты қызылшашы Мәрзия Ибрагимованың
|
|
Обновлено 12.01.2017 09:34 |
|
Толығырақ...
|
|

Ә.Садуақасов, Байзақ ауданының Құрметті азаматы.
Киров атындағы колхоз-өткен ғасырдың екінші жартысында Свердлов ауданында іргелі шаруашылықтардың біріне саналатын. Сол кездегі өлшеммен есептегенде экономикасы қуатты ұжым болатын. Ұжымды жоғары білімді, зоотехник мамандығы бар, өмірлік тәжірибесі мол Нұрсәлім Мамыраймов (марқұм) басқарды. Ол ақ көңіл, мейірімді, адамгершілігі мол
|
|
Обновлено 12.01.2017 09:32 |
|
Толығырақ...
|
|
|
|
|
<< Бірінші < Әуелгі 1911 1912 1913 1914 1915 1916 1917 1918 1919 1920 Келесі > Соңғы >>
|