|
Сіздерді Отан қорғаушы және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Жеңіс күні-бәріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті мереке. Бұл тек соғыста жеңіске жеткенімізді атап өтетін күн ғана емес. Ол - сол соғыста Жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып, қан майданнан оралмай, еліміздің берік қорғанындай болған арыстарымызды еске алатын және ерлік көрсеткен аталарымызға құрмет көрсететін күн. Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін шайқастардағы ардагер аталардың теңдессіз ерліктері мен табандылықтары ғасырлар бойы жасай бермек. Бүгінгі таңда аға ұрпақтың ерліктерінен сусындаған сарбаздар ел қорғаны міндетін адал орындап келеді. Сондықтан қос мереке күні баршаңызға бақыт пен татулық, отбастарыңызға игіліктер тілейміз. Ержүрек және жігерлі адамдардың бұл мерекесі әрдайым қуаныштар әкеле берсін.
Байзақ ауданының мәслихат хатшысы Н.Тлепов, аудандық мәслихат депутаттары. |
|
Сіздерді Отан қорғаушы және Ұлы Жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл - ерекше мереке. Біз бұл күні, Ұлы Отан соғысы ардагерлері, ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен барлық жерлестеріміз, Ауғанстанның отты жолдарымен өткен ер жүрек жауынгерлер алдында тағзым етеміз. Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін! Осыдан 72 жыл бұрын адамзат тарихында ең ауыр да қанды соғыстың соңғы оқтары атылды. Содан бері 1945 жылдың 9 мамыры жұртшылық жадында біздің халқымыздың ерлік үлгісі, мұқалмас қажырлығы мен мызғымастығының символы болып келеді. Кешегі солдаттарымыздың жасаған ерліктері мәңгілік және уақыт ағысымен жоғалып кетпейді. Сол бір қаһарлы соғыс жылдары алыстаған сайын оның маңызын біз ерекше ұғына түсудеміз. Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі. Сіздердің елді, жерді қорғаудағы батылдықтарыңыз бен батырлықтарыңыз бүгінгі жастар үшін де үлгі-өнеге болып келеді. Сіздерге шын көңілден денсаулық, тіршіліктің ұзақ та жарқын алаңсыз күндерін, жан шуағын, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын тілейміз. Табыстар мен сәттіліктер мол болсын.
Ізгі ниетпен: «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының Саяси кеңесі. |
|
Осыдан 25 жыл бұрын Елбасының Жарлығымен елдік пен егемендіктің тірегі – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. 7 мамыр – Отан, мемлекеттік мүдде, саяси қауіпсіздік пен дербестікті қорғайтын Отан қорғаушы күні. Президентіміздің: «Патриоттық рух бізге ауадай қажет»-деген сөзі ақиқат. Өйткені, отаншылдық рухы қай заманда да қазақ халқының бойындағы айрықша қасиет болып табылған. Армия – бұл орасан ұйымдастырушылық, материалдық, қаржылық, ғылыми және басқа да бұдан маңызды еш кем емес құралдар мен ресурстарды талап ететін мемлекеттік иститут және армияның жағдайы – мемлекеттің экономикалық қуаты мен әлеуметтік дамуының жинақталған көрінісі. Қазіргі әскердің негізгі арқауы – офицерлер мен келісім-шарт бойынша қызмет атқаратын әскери қызметшілер. Келісім-шарт қызметкері – тек сенімді, бекітіп берілген техника мен қару-жарақты ұстауға ғана емес, сондай-ақ, өзінің тәжірибесін жас әскери қызметшілерге беруге де қабілетті білікті маман. Құрметті Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлері, Сіздерді 7 мамыр – Отан Қорғаушы күні, 9 мамыр - Ұлы Жеңістің 72 жылдығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Ауыр күндердегі адал еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін бас иіп, алғыс білдіреміз. Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз арқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеу жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.
Қанат Бошай. Байзақ ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, подполковник. |
|

Қазақтың біртуар ұлы Бауыржан Момышұлы «Парыздан мықты күш жоқ, парыздан мықты сауыт жоқ» дегендей, ел қорғауды ең басты парызы санаған Отан қорғаушылар қашанда құрметке лайық.
Көгілдір көктеммен желпініп жеткен 7 мамыр - Отан қорғаушы күніне орай, аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиев жұма күні әскерилерді қабылдады. Атап айтқанда, ресми қабылдау барысында аудан басшысы білектің күшімен, найзаның ұшымен кең байтақ даланы қорғау, көздің қарашығындай сақтау қай кезеңде де оңай болмағандығын айтып, әсіресе, бүгінде әлемде болып жатқан
|
|
Обновлено 10.05.2017 17:03 |
|
Толығырақ...
|
|

Өткен аптада Сарыкемер ауылынан 45 шақырым қашықтықта орналасқан құм алқабының жалпы аумағы 1290 гектарды алып жатқан “Ақ қолтық” бөлімшесінде шеңбер тәріздес өрт оқиғасы орын алды. Желсіз тынық ауада жалындаған өрт алғашқы өрт сөндірушілер бөлімшесі жеткенше 44 гектар аймақты шарпып үлгерді. Өртті мемлекеттік орман шебіне жеткізбей тез арада
|
|
Обновлено 10.05.2017 17:01 |
|
Толығырақ...
|
|
|
|
|
<< Бірінші < Әуелгі 1871 1872 1873 1874 1875 1876 1877 1878 1879 1880 Келесі > Соңғы >>
|