Онлайн газет



ЖАҢА ЖЫЛ - ЖАРҚЫН МЕРЕКЕ

Қымбатты  аудан тұрғындары!
Сіздерді келе жатқан жаңа 2018 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Санаулы сәттерден кейін біз тәуелсіздік жылнамасының жаңа парағын ашып, 2018 жылға қадам басамыз.
Жаңа жыл - жарқын мереке. Ол көңілге үміт пен сенім ұялатады, шапағат пен шаттық сыйлайды, жаңа жетістіктерге жетелейді.
Өткен 2017 жыл еліміз үшін табысты болды. Ырысты ынтымағымыздың арқасында Тәуелсіздіктің 26 жылын толымды табыстармен қарсы алдық. Ұлт жоспарының басым бағыттары жүзеге асырылып, ел дәулеті артуда.Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі табысты өтті.
Келер жыл біз үшін тарихи күндерге толы болмақ.2018 жылғы қаңтар айында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етеді. Астана қаласының 20 жылдығын атап өтеміз.Бұл әрбір қазақстандық үшін үлкен мәртебе саналады.
Ауданымыз үшін де 2017 жыл жемісті болды. Аудан бюджеті 30 пайызға артып, 13 млрд. теңгеге жетті. Салық түсімдері молынан түсіп, ауыл шаруашылығын дамыту, елді мекендерді газбен қамту, ауыз су, инвестиция тарту және басқа да салалардағы жетістіктер  жалғасын табуда. Жаңа білім ошақтары мен балалар бақшасы, жаңа нысандар пайдалануға берілуде.
Алдағы 2018 жылда көптеген маңызды міндеттер тұр. Ел ішіндегі бірліктің, татулықтың, тұрақтылықтың арқасында алдымызға қойған тапсырмаларды жоғары деңгейде орындайтынымызға сенімдімін.
Құрметті аудан тұрғындары!
Баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға береке, молшылық пен қуаныш тілеймін.
Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын. Бірлігіміз берік, жарқын болашаққа деген сеніміміз нық болсын!

Р. РАХМАНБЕРДИЕВ,
Аудан әкімі.





Құрметті байзақтықтар!
Сіздерді шын жүректен келе жатқан Жаңа 2018 жылмен құттықтаймын!
Барша адамзат бұл күні өткенді саралап, Жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды.
Жаңа жыл өткен жылға баға беріп, жарқын өмірге үміт артатын мереке.
Өткен жыл біздің еліміз үшін жағымды жаңалықтар мен толағай табыстарға толы болды. Барша қазақстандықтар, оның ішінде аудан жұртшылығы осы жылды зор еңбек тартуларымен, ортақ мемлекеттік мүдде жолында өнегелі еңбегімен айшықтап, өз үлестерін қоса отырып, ел Тәуелсіздігінің 26 жылдығын сән-салтанатпен атап өттік.
Біздің табыстарымыз бен жетістіктеріміз 2018 жылы да еселеніп, жалғасын табуына тілектеспін. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа жақсылық пен табыс, ырыс пен ынтымақ, бақ-береке алып келсін. Жаңа жыл үлкен үміт пен зор сенімнің, шаттық пен қуаныштың жылы болсын!
Жаңа жыл құтты болсын!

Н. ТЛЕПОВ. 
Аудандық мәслихат хатшысы.




Қымбатты нұротандықтар!
Міне, тағы бір жыл тарих қойнауына еніп, Жаңа жыл табалдырығымыздан аттап отыр. Өткен жыл салиқалы саяси  жаңғырулар, мәні зор маңызды оқиғалармен тарихта қалатын болады.
Біз бүгінде мемлекеттілікті құру жөніндегі осындай аса маңызды тарихи міндетіміздің орындалғанын мақтанышпен айта отырып, Қазақстанның саяси және әлеуметтік жүйесі тиімді әрі қуатты мемлекетке айналуы жолындағы партияның “Нұр Отан” Нұрлы болашақ жолында” атты жаңа саяси Доктринасы, 2020 жылға дейінгі бағдарламасы мен «Қазақстан-2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл  жоспары» атты Сайлауалды Тұғырнамасы, Елбасының болашаққа бағытталған «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруда ел Тәуелсіздігінің тұғырын биіктетіп, қоғам дамуының жаңа бағытымен ілгері басып келеміз.
Қымбатты партияластар!
Жаңа 2018 жылы елімізде тыныштық, әлемде бейбітшілік, әрбір отбасында шаттық пен қуаныш болсын! Ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген барша ырғыздықтарға амандық пен мол жақсылық тілейміз. Халық пен партияның бірлігі нығайып, еліміздің беделі одан әрі өсе түссін!

«Нұр Отан» партиясы аудандық
филиалының Саяси кеңесі.





Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді аудан әкімдігінің білім бөлімі жаңа 2018 жылмен шын жүректен құттықтайды!
Өткен 365 күн еліміз үшін бірлік пен береке салтанат құрған, тұрақтылық пен татулық қанат жайған жыл болды. Біз келер жылдың жарқын келешекке бастайтынына үлкен сеніммен қараймыз. Өткен жылдың маңызды оқиғаларының бірі – Елбасының халыққа арнаған Жолдауы мен “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты бағдарламалық мақаласы. Осы ұлы істі абыроймен орындауға өңіріміздің әрбір азаматы белсене кірісіп, ортақ мүддеге қызмет етсе – болашағымыз баянды болмақ.
Халқымызда «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» деген даналық сөз бар. Біз қашанда өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күткен халықпыз. Ендеше, келер жыл аудан тұрғындары үшін молшылық, береке, татулық және толағай табыстар жылы болғай!
Жаңа жылда дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбекте жаңа жетістіктер тілейміз!
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын, ардақты ағайын!

А. Әбдімомынов,
Аудан әкімдігі білім бөлімінің
басшысы.

 
Өмірлерің - ерлік, күрес мектебі

Бүгінде соғысты бастан кешкен қарттардың қатары сиреп бара жатса да, жауынгер олардың ерлік істері ұмытылмайды. Жаңа жыл мерекесіне орай, аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиев, аудандық мәслихат хатшысы Нұржан Тлепов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кемелбек Бесбаев, аудан әкімінің орынбасары Сағындық Кенжебаев Ұлы Отан соғысының ардагерлерін

Обновлено 03.01.2018 10:42
Толығырақ...
 
Қариялар өзіңді ел сыйлаған

Жыл қорытындысы бойынша аудан әкімі Р.Рахманбердиев өңірдің белсенді ардагерлерімен кездесті.

«Бағлан» мейрамханасында өткен жүздесуде Рахматілдә Сегізбайұлы өткен жылы өңірде атқарылған жұмыстармен таныстыра келіп, ауданның  әлеуметтік-экономикалық  даму көрсеткіштеріне жеке-жеке тоқталды.
Аудан басшысы өз сөзінде 1991 жылмен салыстырғанда аудан халқының

Обновлено 03.01.2018 10:38
Толығырақ...
 
АУЫЛЫНА ҚАРАП АЗАМАТЫН ТАНЫ...

Ауданымыз облыстағы әлеуметтік-экономикалық дамуда қарышты қарқын алған, өресі өркендеген өлке. Негізінен аграрлы аймақ: егіншілік пен мал өнімдерін өткеріп, азық-түлік қауіпсіздігін болдырмауда өзінің сүбелі үлесін қосып отырады. Әсіресе, үстіміздегі жылы қол жеткізген табыстары қомақты болды.

Ұсақ шаруа қожалықтарын ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктіріп, ірілендіру шараларының нәтижесінде егіншіліктен алынатын өнім молайды. Көп жылдардан бермен үмыт қалған қант қызылшасы дақылының егіс көлемі ұлғайтылып, өнім алу еселей түсуде. Егіншілікке енгізілген алдыңғы қатарлы

Толығырақ...
 
Мақсат-айқын, талап-жоғары

Аудан әкімі Р.Рахманбердиевтің төрағалығымен әкімдіктің кезекті мәжілісі өтіп, онда «Өңірлерді дамыту - 2020 жылға дейінгі» бағдарламасының аудан бойынша іске асырылу барысы туралы» аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Д.Жақыпбековтің, «2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап

Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 1761 1762 1763 1764 1765 1766 1767 1768 1769 1770 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1553
mod_vvisit_counterКеше2535
mod_vvisit_counterОсы аптада13354
mod_vvisit_counterӨткен аптада20186
mod_vvisit_counterОсы айда36314
mod_vvisit_counterӨткен айда109834
mod_vvisit_counterБәрі4511384

Серіктестер