Онлайн газет



Үлестерін қосуға уағдаласты

Өткен аптада Сарыкемер мектеп гимназиясындағы жобалық кеңседе аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиев азаматтық сектор өкілдерімен кездесті.

«Рухани жаңғыру - ұлттың жаңғыруы» тақырыбында өткен жүздесу барысында аудан басшысы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының алты бағыты мен негізгі міндеттеріне қысқаша тоқталды.
«Рухани жаңғыру» бойынша аудан аумағында қолға алынған тірліктерді баяндаған Рахматілдә Сегізбайұлы латын әліпбиіне

Обновлено 06.12.2017 11:12
Толығырақ...
 
ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ - ХАЛЫҚТЫҚ МЕРЕКЕ

Бүгінде бүкіл елдің қолдауы мен сеніміне ие болып, елді сындарлы жолмен болашаққа айқын бастап келе жатқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне тойланатын – Тұңғыш Президент күні барша қазақстандықтар үшін де өте қадірлі мереке.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өту – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекетке сіңірген еңбегі мен жетістігін

Обновлено 06.12.2017 11:10
Толығырақ...
 
Елбасы - елдің тұтқасы

Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді, мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев - жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы, оның бірлігін қамтамасыз етуші, ел Конституциясын, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын қорғаушы, әлемдік бастамалардың бастаушысы. Тәуелсіздіктің ширек ғасырында біздің еліміз биік белестерді бағындырып, әлемдік қоғамдастықтан лайықты орын алды. Елбасының бейбітшіл, ынтымақшыл ішкі және сыртқы саясаты мен стратегиялық бастамасының арқасында «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясымен біріккен біздің халқымыз бірлік пен татулықты жоғары қойып келеді.
1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық дауыс беру барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті сайланды. Халық Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының жолын айқындайтын таңдау жасап, елдің сенімді болашағының негізін қалады. Елбасының салиқалы саясатының арқасында Қазақстан Орталық Азия аймағында және ТМД елдері арасында алдыңғы орынға шықты. Астана қаласында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі табысты өтіп, еліміздің  беделі биіктеді.
Жаңа дәуірге қадам басқан еліміз дамыған 30 елдің қатарына қосылуға бет алды.Тәуелсіз еліміздің қол жеткізген табыстары Елбасы есімімен, оның ерен еңбегімен тығыз байланысты.
Тұңғыш Президент күні – бұл тарихи таңдау күні, барлық қазақстандықтардың Ұлт Көшбасшысы, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың төңірегіне топтасу күні. Айтулы мерекені елмен бірге тойлап отырған аудан халқы да оны мызғымас бірлігімен, тиянақты тірлігімен, берекелі еңбегімен қарсы алуда.
Қымбатты аудан тұрғындары!
Баршаңызды мерейлі мерекемен құттықтай отырып, мықты денсаулық, береке, Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы еңбектеріңізге жетістіктер тілеймін!

Рахматілдә рахманбердиев.
аудан әкімі.




Қымбатты байзақтықтар!
Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында елімізде ауқымды саяси және экономикалық өзгерістер болды. Бүгін Қазақстанды мемлекеттіліктің барлық нышандары бар егеменді ел деп айтуға толықтай құқығымыз бар, еліміз экономиканы дамытуды, әлеуметтік саланы нығайтуды, демократиялық өзгертулерді жүргізуді жалғастырып жатыр. Тәуелсіздік жылдары  Елбасының ғаламдық бастамаларының арқасында Қазақстан бүкіл әлемге танымал болды, өйткені біздің Президент бастаманы ұсынып қана қоймай, оны жүзеге асырады.
Еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігіне, Ата Заңның тұрақтылығы мен баяндылығына кепіл болған еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ел дамуына қосқан үлесі өлшеусіз. Елбасы есімі - Егемендік, Тәуелсіздік, Қазақстан, Отан, Бірлік сияқты ұғымдармен қатар айтылады.
Елбасы – татулығымыздың, береке – бірлігіміздің тұрақтылығымыздың кепілі. Тұңғыш Президентіміздің еңбек жолы – жас қазақстандықтар үшін үнемі үлгі мен тағылымның мектебі болып қала бермек.
Ендеше, халқына қуаныш сыйлаған «Тұңғыш Президент күні» мемлекеттік мерекесі құтты болсын. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер мен  зор жетістіктер тілейміз.

Нұржан Тлепов.
Аудандық мәслихат хатшысы.

 
Елбасы күні ұлықталды

1 желтоқсан - Қазақстанның шежіресінде үлкен мәнге ие. Себебі, 1991 жылдың дәл осы күнінде тұңғыш рет қазақ даласында Президент сайлауы өтіп, халықтың басым дауысымен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел басшысы болып сайланды.
Сондықтан, аталмыш датаның Тұңғыш Президент күні ретінде тойлануы заңды құбылыс. Яғни, 2011 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Парламент сенатының отырысында

Обновлено 04.12.2017 11:39
Толығырақ...
 
Мереке қарсаңындағы қос қуаныш

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Сарыкемер және Сарыбарақ ауылдарының тұрғындары қуанышқа кенелді. Аудан орталығынан 120 орындық жекеменшік балалар бақшасы, Сарыбарақ негізгі мектеп жанынан 25 орындық шағын орталық пайдалануға берілді.

Жиналған қауымды шағын орталықтың ашылуымен аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиев құттықтады. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуға мемлекет үлкен көңіл бөліп отырғандығын, аудан бойынша 3 пен 5 жастағы балаларды бақшамен қамту 88,7 пайызды

Обновлено 04.12.2017 11:34
Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 1751 1752 1753 1754 1755 1756 1757 1758 1759 1760 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2188
mod_vvisit_counterКеше3247
mod_vvisit_counterОсы аптада5435
mod_vvisit_counterӨткен аптада36337
mod_vvisit_counterОсы айда100946
mod_vvisit_counterӨткен айда96777
mod_vvisit_counterБәрі4358204

Серіктестер