|
Қазір уақыттың көп бөлігін телефонға үңіліп өткізетін заманда кітап оқуға уақыт табу көпшілік үшін күрделі мәселеге айналғандай. Әлеуметтік желідегі қысқа ақпаратқа көз үйреніп, көлемді шығарманы соңына дейін оқуға шыдам жетпей жататын кездер де бар. Дегенмен кітапты өмірінің бір бөлігіне айналдырып, одан өзіндік ой түйіп жүрген жандардың қатары да аз емес. Солардың бірі – аудандық “Жастар ресурстық орталығы” директорының орынбасары Нұржан Есіргенов. Нұржан Атаубайұлының кітапқа деген қызығушылығы бүгін немесе кеше ғана пайда болған әуестік емес. Оның айтуынша, бала кезінен кітап оқуға жақын болған. Оқыған дүниесі жадында тез сақталып, аяқталмай қалған шығарма ойынан ұзақ уақыт
|
|
Обновлено 06.10.2026 10:45 |
|
Толығырақ...
|
|
Қоғамда түрлі көзқарастар мен пікір қайшылықтарының болуы – табиғи құбылыс. Алайда кез келген дауды сот арқылы шешу әрдайым тиімді бола бермейді. Осындай жағдайда тараптарды өзара түсіністікке шақырып, мәселені бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік беретін медиацияның маңызы зор. Медиация – дауласушы тараптардың өзара келісімге келуіне көмектесетін, тәуелсіз және бейтарап медиатордың қатысуымен жүргізілетін рәсім. Оның басты мақсаты – жанжалды ушықтырмай, екі тарапқа да қолайлы шешім табу. Медиатор ешкімнің жағында болмайды, тараптарға дайын шешім ұсынбайды. Керісінше, олардың өзара пікір алмасуына жағдай жасап, ортақ келісімге келуіне
|
|
Толығырақ...
|
|

Адам бесігінде қалай тәрбиеленсе, солай қалыптасады. Елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр алған, бесікте жатып, әже әлдиін тыңдаған, бойына игі қасиеттерді молынан сіңірген жас ешқашан адаспайды. Қазақтың хас батыры, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп тұр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам»,- деп келер күндерге алаңдаушылығын білдіріпті. «Төрде бесік тұрса, төре де басын иеді»,- дейді халық даналығы. Ал заңғар жазушы Мұхтар Әуезов «Ел боламын десең, бесігіңді түзе»,- деп өткен ғасырдың өзінде-ақ дабыл қақты. Жалпы қазақ халқы бесікті жайдан-жай құрмет тұтпаған. Өйткені бесік баланың
|
|
Обновлено 06.10.2026 10:42 |
|
Толығырақ...
|
|

Ұстаздар күніне орай «Әділет» партиясының Байзақ аудандық филиалының жоспарына сәйкес «Ұстаз айтса: ұлт болашағы – білім мен құндылықта» атты ұстаздар лабораториясы өтті. Бұл – жай ғана мерекелік кездесу емес, ұстаздың пікірін тыңдап, білім мен тәрбие саласындағы өзекті мәселелерді ашық талқылауға арналған пікір алаңы болды. Лаборатория барысында ұстаздар: мұғалім мәртебесі мен әділет қағидасы; оқушы бойындағы патриотизм мен
|
|
Обновлено 06.10.2026 10:39 |
|
Толығырақ...
|
|

Тамыз айында өткен Құрылтай сайлауы барысында Партияның сайлауалды бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарымен кездесіп, олардың ұсыныс-тілектері мен өзекті мәселелері жинақталған болатын. Сол өтініштердің әрқайсысы назардан тыс қалмай, нақты шешімін табуы – біздің басты міндетіміз. Осындай кездесулердің бірінде Сарыкемер ауылының тұрғыны Әтіркүл апа өз жағдайын айтып, көмек сұраған еді. Жалғызбасты ана үйінің әбден тозғанын, қабырғалары жарылып, су өтетінін, пешінің құлап тұрғанын, шатырының шіріп, жауын-шашын кезінде үйдің төбесінен су ағатынын
|
|
Обновлено 05.10.2026 12:03 |
|
Толығырақ...
|
|
|
|
|
<< Бірінші < Әуелгі 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 Келесі > Соңғы >>
|