Онлайн газет



ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Өткен аптада Сарыкемер ауылында көптен күткен дене шынықтыру - сауықтыру кешені ашылды. Аумағы 1000 шаршы метрден асатын ғимаратта футбол, волейбол, баскетбол, стол теннисі үйірмелері мен жаттығу залы жұмыс істейтін болады. Кешеннің ашылу салтанатына ауыл тұрғындары көп жиналды. Онда алдымен аудан әкімі Олжас Баққараев сөз алып, ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтады.
- Мемлекет басшысы үнемі салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамытуға айрықша мән беріп келеді. Әсіресе жасөспірімдердің спортпен жан-жақты айналысуларына тұрақты жағдай жасау қажеттігіне ерекше көңіл бөлуде. Президент тапсырмасына орай ауданымызда

Обновлено 23.12.2025 13:15
Толығырақ...
 
КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Аудан әкімдігінде өткен аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысына аудандық мәслихаттың төрағасы Б.Ақбаев, аудан әкімінің орынбасары Қ.Бүркітәлиев, аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен ауыл, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Отырысты кеңес төрағасы Қыдырәлі Оралов ашып, жүргізіп отырды. Онда “2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша функционалдық міндеттеріне сәйкес атқарылып жатқан жұмыстар туралы Сазтерек ауылдық округі әкімі мен Көктал ауылы әкімінің есебі туралы” мәселе қаралды.
Аталған округ пен ауыл әкімдері Жұмабек Шайхиев және Серік Қайпулдаев биылғы жылдың

Обновлено 23.12.2025 13:13
Толығырақ...
 
2026 ЖЫЛДАН БАСТАП НЕ ӨЗГЕРЕДІ?

Келер жылдан бастап зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер өседі. Ал бір АЕК 4325 теңгеге жетеді. Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 4325 теңге, ал ең төменгі күнкөріс деңгейі 50851 теңге болады. Бұл көрсеткіштер зейнетақы, жәрдемақылар және басқа да әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыруға негіз болады.
Мәжіліс депутаттары Сенат енгізген 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтыруларды қарап, олармен келісіп, өңірлерге берілетін субвенциялар көлемін 17,5 миллиард теңгеге ұлғайтуға шешім қабылдады. Сонымен қатар 2026 жылы өңірлерді дамытуға қосымша 28,5 миллиард

Толығырақ...
 
ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ҚАРЫЗДАН ҚҰТЫЛУДЫҢ БАСТЫ ЖОЛЫ

Мемлекетімізде халықтың қаржылық жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі – «Қарызсыз қоғам» жобасы. Бұл жоба «AMANAT» партиясының бастамасымен жүзеге асырылып, азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға, қарыз жүктемесін азайтуға және қиын жағдайға тап болған отбасыларға нақты қолдау көрсетуге бағытталған.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, соңғы жылдары несие ауыртпалығын жеңілдету бағытында бірқатар жүйелі шаралар

Обновлено 23.12.2025 13:10
Толығырақ...
 
БАСПАНАЛЫ БОЛУДЫҢ МҮМКІНДІГІ МОЛ

Өтіп бара жатқан жылда да талай отандасымыз үйлі-күйлі болып, Жаңа жылды өз шаңырақтарында қарсы алғалы отыр. Алайда өмір бар жерде өсу бар, әлі де баспаналы болуды армандайтындар жеткілікті. Бірақ тұрғын үйге қаражат жинақтауға жаңадан келгендердің көпшілігі кейде бұл жүйенің талаптары мен шарттарын түсінбейді. «Ендігі кезек – менікі, келешекте «өз үйім – өлең төсегімде» жатамыз десеңіз, оның барлық жай-жапсарына қатысты «Отбасы банк» АҚ басқарушы директоры Азат ӘШІМОВПЕН жүргізген сұхбатымызға назар аударыңыз.
- Азат Әркінұлы, биыл үйлі болудан үміттілердің кезегін жылжыту үдерісі қалай жүргізілді?
- Тұрғын үй кезегінде тұрған елдің ең көкейкесті сұрағы осы, әрі бұл үлкен қажыр-қайратты қажет ететін жұмыс. Біз 2005 жылдың 2 шілдесінде «Concordia Group» Ltd компаниясынан электрондық деректер базасы мен мұрағаттық файлдарды алып, талдаған кезде талай сәйкессіздікті

Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1799
mod_vvisit_counterКеше6065
mod_vvisit_counterОсы аптада18626
mod_vvisit_counterӨткен аптада22840
mod_vvisit_counterОсы айда55069
mod_vvisit_counterӨткен айда96777
mod_vvisit_counterБәрі4312327

Серіктестер