|
Өткенін біліп, келешегін бағдарлаған жас өреннің, сан ғасырлық тарихтың тереңіне бойлап, туған жерге деген сүйіспеншілігі одан ары арта түсетіні анық. Міне, сондай берекесі мен бірлігі жарасқан Темірбек ауылдық округінің құрамына «Тегістік», «Сарыбарақ», «Шахан» ауылдары кіреді. 1930 жылдары Тегістік, Сарыбарақ және Чапаев колхоздары өз алдына отау тіккен. Сол жылдары “Тегістік” колхозын - Садырқұл Шыңғысбаев, “Сарыбарақ” колхозын - Мейірманқұл Байсеркеев, ал,“Чапаев” колхозын Сембек Кемелбеков басқарды. Өткен ғасырдың елуінші жылдары үш ұжымшар бірігіп, Чапаев колхозы болып құрылып, кеңшардың
|
|
Толығырақ...
|
|
Белгілі ақын, ауданның Құрметті азаматы Қайыпназар Шотбасовтың "Жатыпатар" кітабында сын-сықақ, әзіл-оспақ әңгімелері, сатиралық өлеңдері және шымшымалы шумақтары енген. Қоғамдағы келеңсіз жайттарды түйреп өткен тіні берік, тілі өткір шығармалардың ойы сергек оқырмандардың көңілінен шығар деген оймен бірқатарын ұсынып отырмыз.
«Жаңа қазақ» пен «ескі қазақ» Онымен бұрындары қатар-құрбы, жақын-жекжаттардың той-мерекелерінде ұшырасып тұратынбыз. Орысша сөйлейтіні болмаса оңды жігіт көрінетін. Сәлеміміз түзу, тіпті кейде әңгімеміз де жараса кететін. Бірде жолдас жігіттің тойында жолығып қалдық. Қайда жүрсең қазақ әңгіме болатын әдеті. «Жаңа қазақ» жайы қозғалып кетсе болар ма? -«Жаңа қазақ» дегені мен шығармын, - деді ол. -Оны қалай дәлелдейсің? -Енді менде бәрі жаңа. -Нең жаңа? -Жаңаша ойлаймын. Ақша табудан басқа ойыма ештеңе кіріп, шықпайды. Жаңа машина алдым, «Мерседес» міндім, жаңа мандатқа ие болдым. Жақында шашып жүріп, мәслихаттың
|
|
Толығырақ...
|
|
"Жалпақ жұртыңды, исі Алашыңды құрметтеу - алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады".
Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан Республикасының президенті.

Биылғы жылы - жері құтты, елі мықты шежірелі біздің өлкенің құрылғанына сексен жыл толғаны белгілі. Батыр Байзақ Мәмбетұлының есімін иеленген ауданның торқалы тойы жыл бойына кең көлемде аталып келеді. Осы бағытта Түймекент орта мектебінде кітапханашылар
|
|
Обновлено 22.11.2018 10:02 |
|
Толығырақ...
|
|
"Жалпақ жұртыңды, исі Алашыңды құрметтеу - алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады".
Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан Республикасының президенті.

Биылғы жылы - жері құтты, елі мықты шежірелі біздің өлкенің құрылғанына сексен жыл толғаны белгілі. Батыр Байзақ Мәмбетұлының есімін иеленген ауданның торқалы тойы жыл бойына кең көлемде аталып келеді. Осы бағытта Түймекент орта мектебінде кітапханашылар Гүлжан Бурамбаева мен Гулмира Сыдықбаеваның ұйымдастыруымен "Туған жер - тұнған шежірем" атты кітап көрмесі өткізіліп, "Болашағы жарқын, келешегі кемел Байзақ елі" тақырыбында Биғайша Мұстафаева жетекшілік ететін 4 "а"-сынып оқушыларымен ән-би кеші болып өтті. Елінің мұрасын қастерлеп, оны жалғастырушы азамат ретінде оқушыларды тәрбиелеу, олардың туған жерге, елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатын көздеген шара барысында кітап көрмесіне кітаптар, газет-журналдар, суреттер мен баяндамалар қойылып, шолу жасалды. Ал, ән-би кешінде оқушылар Отан, туған жер тақырыптарында патриоттық әндерді шырқады. Сонымен қатар, орта мектептегі 1-4 сынып оқушылары арасында жергілікті ақындар Қайыпназар Шотбасов, Қасқырбай Нарбатыр, Жанатбек Тұрғынбаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқудан сайыс ұйымдастырылды. Соңынан сайыс жеңімпаздары мектеп әкімшілігі тарапынан Алғыс хаттармен марапатталды.
Ержана БУГУМБАЕВА, Түймекент орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. |