Онлайн газет



“ЖОМАРТ ЖҮРЕК” АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Қазақ халқында «Жақсылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» - деген даналық сөз бар. «Жанашырлыққа - жан риза» дегендей, балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу-әрбір адамның азаматтық парызы.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жан-жақты жүзеге асыру мақсатында, Сазтерек ауылдық округінде орналасқан "Айгөлек" бөбекжай-бақшасында қайырымдылық кеші болып өтті. «Жомарт жүрек» деген атаумен өткен іс-шара «Жан жылуы» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Аталмыш бөбекжай-бақша ұжымының ұйытқы болуымен өткізілген кеште жеке кәсіпкерлер

Обновлено 08.01.2019 10:14
Толығырақ...
 
ЖАҢА ЖЫЛ-НҰРЛЫ МЕРЕКЕ!

Құрметті аудан тұрғындары!
Баршаңызды әлем халықтарының ортақ қуанышына айналған - Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Өткен 2018 жылы тәуелсіз елімізде ұланғайыр тірліктер атқарылды. Ұлт жоспарының басым бағыттары жүзеге асырылып, Отанымыздың жүрегі - Астана қаласының 20 жылдығы мен ел Тәуелсіздігінің 27 жылдығын кеңінен атап өттік. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласы кемел қоғам қалыптастыруға, рухани мұрамыз бен мәдениетімізді жаңаша бағамдауға жол ашып, ұлттық рухымызды биіктетті.
Ауданымыз үшін де 2018 жыл жемісті болды. Экономикалық және әлеуметтік салалардағы қол жеткізілген табыстар өңірдің дамуына үлесін қосты. Алдағы міндет - егін және мал шаруашылығын өркендету, инвестиция тарту,  шағын және орта бизнесті қолдау, инфрақұрылымды жетілдіру және халықтың әл-ауқатын жақсарту.
Қымбатты аудан тұрғындары!
Халқымызда "Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп", - деген дана сөз бар. Біз қашан да өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күткен, бірлік пен ынтымақты ту еткен халықтың ұрпағымыз.
Жаңа 2019 жыл әр шаңыраққа құт-берекесімен еніп, елімізге мол жақсылығы мен игілігін ала келсін. Төрімізге енген Жаңа жыл - құтты, берекелі жыл болсын!

Рахматілдә Рахманбердиев,
аудан әкімі.



Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді келе жатқан Жаңа 2019 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа Жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мерекеміз. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, Жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды. Жаңа жылда отбасыларыңызға құт - береке, қызметтеріңізге өрлеу тілеймін. Денсаулықтарыңыз күйлі - қуатты, бақыттарыңыз баянды, көңіл - күйлеріңіз тамаша болсын. Жаңа жыл Сіздерді тек оң өзгерістерімен, ұмытылмас сәттерімен, қызықты кездесулерімен қуантсын. Ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген баршаңызға бейбіт өмір, тыныштық, мол жақсылықтар тілеймін!

Нұржан ТЛЕПОВ,
аудандық мәслихат хатшысы.

 
БАЛАЛАР КӨЗІНДЕГІ - БАҚЫТ

Ең баянды бақыт – бала бақыты.  Дүниеде баланың қуанғанынан артық қуаныш болмайды. Әл - Фараби атындағы мәдениет үйінде  аудан әкімінің жаңажылдық шыршасы ұйымдастырылып, оған қатысқан бүлдіршіндер шат-шадыман қуанышқа бөленді.

Алдымен балалар мұз қалашығының жанында  суретке түсіп, сахна төріне қойылған Led экраннан Жасмин, Тасболат, Есет, Беріктің «Болашаққа бағдар: Байзақ ауданы» атты сиқырлы жобаларын Аяз Атаға көрсету үшін жолға шыққан қойылымын тамашалады. Олар Шайтан, Жалмауыз кемпірдің құрған қақпанынан

Обновлено 29.12.2018 10:47
Толығырақ...
 
АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДІҢ БЮДЖЕТІ ҚАРАЛДЫ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында алтыншы сайланған аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХІХ сессиясы болып өтті. №13 сайлау округінен сайланған депутат Артықбай Үкібаевтың төрағалығымен өткен кезектен тыс сессияның күн тәртібінде төрт мәселе қаралды.

Алдымен сессияның күн тәртібі мен регламенті бекітілген соң, аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Дулат Жақыпбековтің “2019 - 2021 жылдарға арналған Байзақ ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы” баяндамасы мен аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №48 - 12 шешімімен бекітілген

Обновлено 29.12.2018 10:45
Толығырақ...
 
КӘСІПТІҢ БІР БАҒЫТЫ – ҚҰС ӨСІРУ

«Әулие - Ата Феникс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Үдемелі индустриялық – инновациялық даму" мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірде екі жыл бұрын іске қосылған ірі жобаның бірі саналады. Құс етіне деген өңір халқының сұранысын толық қанағаттандыру мен экспорттық тауар өндіру мақсатында салынған фабрикаға артылып отырған жүк ауыр. Ол бұрынғы Кеңес үкіметі тұсындағы алып құс фабрикасының даңқын

Обновлено 29.12.2018 10:43
Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 1531 1532 1533 1534 1535 1536 1537 1538 1539 1540 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1141
mod_vvisit_counterКеше2887
mod_vvisit_counterОсы аптада10530
mod_vvisit_counterӨткен аптада36337
mod_vvisit_counterОсы айда1141
mod_vvisit_counterӨткен айда106969
mod_vvisit_counterБәрі4363299

Серіктестер