Онлайн газет



ОТАН ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

«Ел келешегі жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты» деп Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, ұрпақ тәрбиесі - ұлы шаруа саналады.Шындығында да перзенттерімізге қалай тәрбие берсек, болашағы солай болады. Сондықтан еліміздің келешегі – жастарды білімді, тәрбиелі, бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеу өз қолымызда екені жасырын емес.

Отбасы – болашақ жеке тұлғаның негізі қаланатын ортасы, ұлттық, дәстүрлі құндылықтардың бастауы. Отбасының тірегі – әке болса, берекесі – ана. Отан отбасынан басталады. Расында туған жерді, Отанды, ұлтты сүюді

Толығырақ...
 
ОТБАСЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Өнегелі ұрпақ тәрбиесі отбасы татулығынан басталады. Ұлағатты ұл, ибалы қыз тәрбиелеп, оларды өмір бәсекесіне қабілетті етуде ата-ананың еңбегі орасан. Бүгінгі таңда ұлттық құндылықтарды қастер тұтатын отбасылардың бірлігі мен татулығын өзгелерге үлгі етудің маңызы арта түсуде. Әр жылы өтетін «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауында еліміздегі ең үлгілі отбасылардың

Обновлено 15.05.2019 10:18
Толығырақ...
 
“ОТБАСЫЛЫҚ СОТ” ЖОБАСЫ ІС ЖҮЗІНДЕ

«Отбасылық сот» пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде аудандық соттың судьясы Ансабек Назаркулов Сарыкемер және Бәйтерек ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Аталған шараға  округ әкімдері Айдос Абдуалиев пен Сәуле Тлеукулова, кәсіби емес медиаторлар мен аудан тұрғындары қатысты.

Кездесу барысында судья сот жүйесінде орын алып жатқан жаңалықтарды, оның ішінде, жаңа ақпараттық технологияларды, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының «Отбасылық сот» пилоттық жобасының ерекшеліктерін түсіндірді.
Спикер тақырыпты

Обновлено 15.05.2019 10:14
Толығырақ...
 
ТАРИХТАН СЫР ШЕРТЕДІ

Адамзат баласы үшін көнеден сыр шертетін кез келген дүние құнды. Себебі, өткеннен өнеге ала отырып қана келешегімізге келісті қадам жасай аламыз. Ал, сол құнды мұраларды жинақтау, оларды көздің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа бүлінбей жетуін қамтамасыз ететін бірден бір мекеме ол- мұражай.

Деректерге сүйенсек, Қазақстандағы алғашқы мұражайлық бастаманы 1828 жылы Жәңгір хан көтеріп, сол жылы өз ордасында мұражайлық көрме залын ашты. Бертін келе, 1831 жылы 1 сәуірде Орынборда, 1883 жылы Семейде, 1898 жылы Верныйда (Алматы), 1859 жылы Оралда алғашқы мұражайлар ашылды. Жалпы, қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда

Обновлено 15.05.2019 10:13
Толығырақ...
 
МЫҢ ТАҒЗЫМ САҒАН, МАЙДАНГЕР!

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен майдангер ұрпақтары!
Сіздерді  Ұлы Жеңістің 74 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Жеңіс күні – ол халықаралық ұлы мереке, жеңімпаз-ардагерлер мен жеңімпаз-ұрпақтардың мерекесі.
Ерлікті жасау – бір ерлік, оны дәріптеу – мың ерлікке тән. 1418 күнге созылған соғыста біздің ержүрек отандастарымыз жауынгер бабаларының даңқты жолын лайықты жалғастыра білді. Олар қазақтың қайсар, рухы биік, батыр халық екенін әлемге танытты. Отты жылдары Байзақ жерінен 3341 ер-азамат майданға атанып, олардың 1360-ы туған жерге оралмады.
Отанға деген махаббат, жеңіске деген құштарлық, өршіл рух, халықтар достығы – Ұлы Жеңістің негізі болды. Ел басына күн туған  жылдары Отан үшін отқа түсіп, кеудесін  оққа тосқан жерлесіміз Ақәділ Суханбаев Кеңес Одағының Батыры атанды. Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді.
Жеңіс күні - ерліктің, қайсар рух пен қаһармандықтың символы. Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі. Аға  ұрпақтың  өшпес  ерлігі мен ерен еңбегін мақтан  тұтып, майдангерлердің батырлықтарына басымызды иіп, тағзым етеміз!
Қымбатты ардагерлер!
Құрметті аудан тұрғындары!
Осынау, Ұлы Жеңіс күні – Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір, отбасыларыңызға бақ-береке, еліміз бен жерімізге бейбіт өмір тілеймін.

Рахматілдә Рахманбердиев,
аудан әкімі.

 

 

 

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!
Қымбатты аудан тұрғындары!
Сіздерді 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың дәлелі. Ал, Сіздердің Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен осы Жеңіске жету жолында қажырлы еңбек еткен тыл еңбеккерлері Отан қорғаудағы көрсеткен ерліктеріңіз бен қажыр-қайраттарыңыз болашақ ұрпақ үшін жарқын үлгі.
Еліміздің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін шайқастардағы теңдессіз ерліктеріңіз ғасырлар бойы жасай береді.
Ерен ерлік, қажырлы еңбек пен табандылықтарыңыз үшін, Сіздердің алдарыңызда бас ие отырып, бүгінгідей айтулы мереке күні өздеріңізге зор денсаулық, баянды бақыт пен бейбіт өмір, отбасыларыңызға құт - береке тілеймін!

Нұржан ТЛЕПОВ,
аудандық мәслихат хатшысы.

 
<< Бірінші < Әуелгі 1451 1452 1453 1454 1455 1456 1457 1458 1459 1460 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін240
mod_vvisit_counterКеше3639
mod_vvisit_counterОсы аптада16346
mod_vvisit_counterӨткен аптада36337
mod_vvisit_counterОсы айда6957
mod_vvisit_counterӨткен айда106969
mod_vvisit_counterБәрі4369115

Серіктестер