|
Аудан орталығында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған жиын өтіп, онда аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиев сөз сөйледі.

Аудан басшысы өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы орын алған қуғын - сүргін және ашаршылықтың зардабына тоқталды. Еліміздің азаттығы мен тәуелсіздігі, аумақтық тұтастығы үшін күрескен арыстардың ерлігі көпэтносты халқымыздың бүгінгі және болашақ ұрпағын патриоттық рухта тәрбиелейтіндігін баса айтты. Бұдан соң сол жылдары Қазақстанға қоныс аударып келген өзге ұлт өкілдерінің ұрпақтары сөз алды. Кәріс этномәдени орталығының жетекшісі Наталья Шин қиын - қыстау кезеңде көпұлтты бауырына басып, төрінен орын берген дархан пейілді қазақ жұртына алғысын жеткізді. Жиынға қатысушылар қуғын - сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алған соң аудан басшысы бастаған қариялар, мекеме, ұйым басшылары, қоғамдық және саяси бірлестіктердің өкілдері, жастар құлыптасқа гүл шоқтарын қойып, ұлт мүддесі үшін жанын пида еткен ерлерді және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым жасады. Жиын соңында «Байзақ баба» мешіті бас имамның көмекшісі Арман Көшербаев құрбан болған бабаларымыздың рухтарына құран бағыштады.
Гүлшахар Әбдіқұлова. |
|
Бүгінгі күнге дейін барлық мемлекеттік мекеме басшылары мен қызметкерлері “кабинет” форматында, яғни, жабық түрде жұмыс істеп келді. Ол өз кезегінде азаматтардың көптеген кедергілерден өтуіне әрі мәселесінің шешілуіне тосқауыл болатын. Ал, бүгінде барлық мемлекеттік мекемелерде ашық алаңда қызмет ету үшін құрылған «Open space» жобасы қолға алынуда.

Өңірде тұрмыстық жемқорлықты жою, мемлекеттік органдардың қызметінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру және кең ауқымды қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында “Жамбыл - адалдық алаңы” жобасы іске асырылуда. Осы мақсатта, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Равиль Төлебаев іссапармен
|
|
Обновлено 03.06.2019 10:56 |
|
Толығырақ...
|
|
Бейсенбі күні, аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиев облыс әкімінің өкіміне сәйкес, бекітілген кесте бойынша Жаңатұрмыс ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып қайтты. Жұмыс барысында елдімекендердегі әлеуметтік нысандардың жағдайымен танысып, Амангелді атындағы орта мектепте кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, әлеуметтік сала қызметкерлері және ауыл тұрғындарымен кездесті.
Аудандағы жеті бірдей елдімекенді
|
|
Обновлено 03.06.2019 10:54 |
|
Толығырақ...
|
|
Қазақстан Республикасының Президенттігіне «Ақ жол» партиясынан ұсынылған кандидат Дания Еспаева және үміткерді қолдау бойынша құрылған республикалық штаб мүшелерінің үгіт - насихат жұмыстары Солтүстік Қазақстан облысында жалғасуда.
Кандидат «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» акционерлік қоғамының ұжымына өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Аталған кәсіпорын мұнай-газ саласы, қорғаныс және энергетика салалары үшін жабдықтар өндіреді. Тарихы сонау 60-жылдардан басталатын өндіріс орнында зымырандар, зымыран кешендері, суасты қайықтарына арналған снарядтар жиналатын. Қазір зауыт Қорғаныс министрлігі үшін ғана емес, сонымен қатар мұнай, темір жол компаниялары үшін де тапсырыстарды орындап отыр. Барлығы 100-ден астам өнім шығарылады. Қазіргі таңда, өндірісті жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, бұл мақсатқа
|
|
Толығырақ...
|
|
4 маусым- тәуелсіз еліміздің Мемлекеттік рəміздері қабылданған күн. Айтулы дата осымен жиырма жетінші рет мерекеленіп отыр.
Ықылым заманнан-ақ халқымыз рәміздерге айрықша мән берген. Тарихтан сыр тартатын болсақ, әр рудың таңбасы болған, ата-бабаларымыз туған жерді қорғап, атқа қонғанда ту көтеріп шыққан. Осының барлығы мемлекеттік рәміздердің нышаны екені анық. Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін
|
|
Толығырақ...
|
|
|
|
|
<< Бірінші < Әуелгі 1441 1442 1443 1444 1445 1446 1447 1448 1449 1450 Келесі > Соңғы >>
|