|
Қашанда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі – қазақ халқының ата - салты екені белгілі. Осы мақсатта, «Балалар шығармашылығы және тәрбие орталығы» және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының бірлесе ұйымдастыруымен «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» тақырыбында №1 қалалық қарттар үйінде концерттік бағдарлама өткізілді.
 Бағдарламада өз өнерлерін ортаға салған «Темірқазық», «Айбын», «Домбыра», «Табиғат», «Шаңырақ» үйірмелерінің оқушылары, Ғ.Мұратбаев атындағы гимназиясы, №1, Н.Киікбаев, Сарыкемер мектеп-гимназияларының белсенді жасұландықтарының түрлі ән-би, қарттарға арнау өлең шумақтары, флешмоб, қызықты көріністер, қарттарымызға арналған
|
|
Обновлено 07.10.2019 10:52 |
|
Толығырақ...
|
|
Үстіміздегі жылдың 1 шілдесі мен 30 қыркүйегі аралығында Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясында «Жүректен жүрекке!» ұранымен «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Шілде айында аз қамтылған, көп балалы және қамқорлықтағы оқушыларға арнап демеушілер тартылды. Оларға үндеу хаттары таратылып, кездесулер ұйымдастырылды. Осыған орай, демеушілер өз қалаулары бойынша көмек көрсететін бала санын берді. Тамыз, қыркүйек айында мектеп жасындағы күнкөрісі төмен және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсету жұмыстары жүргізілді. Акция барысында мемлекет тарапынан аудан әкімдігі білім бөлімінің ұйымдастыруымен аз қамтылған, қамқорлықтағы және көп балалы отбасыдан шыққан 51 оқушыға мектеп формасы, ақ жейде, мектеп сөмкелері
|
|
Толығырақ...
|
|
Бұл туралы аудандық Қоғамдық кеңестің отырысында баяндама жасаған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті “Қазсушар” шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл филиалының басшысы Қазыбек Бедебаев айтты.
 Аудан әкімі Нұржан Нұржігітов, «Су ресурстары комитетінің су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясы» РММ басшысы Ағыбай Дәуренбеков, аудандық мәслихат хатшысы Нұржан Тлепов, аудан әкімінің орынбасарлары, бірқатар бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округтер әкімдері және
|
|
Обновлено 02.10.2019 11:34 |
|
Толығырақ...
|
|
Кеше, әкімдіктің мәжілістер залында аудандық ардагерлер кеңесінің V пленумы болып өтті. Оны аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кемелбек Беспаев ашып, есепті кезеңде атқарылған жұмыстарға байланысты баяндама жасады.
Қазіргі таңда, ауданда 9000 зейнеткер тұрады. Олар 18 ауылдық округтердегі ардагерлер кеңестеріне, 65 бастауыш ұйымдарына біріктірілген. Баяндамашы ел мүддесі жолында ардагерлер қауымының тындырған тірліктерін алға тарта келе, Елбасының «Ұлт жоспары», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалалары
|
|
Толығырақ...
|
|
Жасөспірімдер қылмысымен күресті күшейту және өкілетті органдар арасында осы жұмысты ұйымдастыру тәсілдерін сапалы өзгерту аясында қадағалаушы органдар қамқорлығымен жасөспірімдер қылмысының профилактикасы бойынша мобильдік топтар құрылғаны белгілі.
 Атап айтқанда, прокуратура органдарында алдын алу және идеологиялық жұмыстарды өткізу үшін ең проблемалық орта білім беретін мектептерге бекітілген ведомствоаралық (прокуратура, полиция органдары, әкімдік және білім беру мекемелері қызметкерлерінен) бес мобильдік топтар құрылып, осы жұмысқа қоғамдық ұйымдар өкілдері де тартылған болатын. Өткен жұмада аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан прокуроры Рустам Әбілхаировтың
|
|
Обновлено 02.10.2019 11:29 |
|
Толығырақ...
|
|
|
|
|
<< Бірінші < Әуелгі 1381 1382 1383 1384 1385 1386 1387 1388 1389 1390 Келесі > Соңғы >>
|