Онлайн газет



ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Дүйсенбіде, аудан әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен аудандық құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы болып өтті.

Бекітілген күн тәртібіне сәйкес бірінші болып аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Асылхан Заурбеков ағымдағы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар, атап айтқанда, ЖПҚ учаскелік полиция инспекторларының құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында жүргізген іс-шаралары, аудандық тас жолдарында орын алған жол-көлік оқиғалары, тұрмыстық зорлық - зомбылық кезінде әйелдерге қатысты жасалған құқық бұзушылықтар мен кәмелет жасына толмағандар арасында болған қылмыстық оқиғалар, сондай ақ,  аудан аумағында табиғатты қорғау саласы бойынша өткен профилактикалық іс-шаралар туралы кеңінен есеп берді.
Жол - көлік оқиғаларының орын алуына ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндіктерін азайту мәселелері бойынша жасаған баяндамасында аудан әкімдігі тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Рашид Қойлыбаев аудандағы республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының сапа деңгейі мен техникалық жағдайын толығымен айтып өтті.
Одан әрі, аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы Нұржан Нұралиев білім беру мекемелерінде құқық бұзушылықтарды жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды зерделеу арқылы құқықтық және ұйымдастырушылық шаралар кешенінің тиімділігі туралы баян етті. Баяндамада оқушыларды құқық бұзушылыққа итермелейтін себептер кеңінен айтылды. Одан бөлек білім ошақтарында аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, оқушылар мен ата-аналардың қатысуымен өткізілген түрлі іс-шаралар жөнінде ақпарат берілді.
Жиын соңында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша айтылған бірқатар ұсыныстар назарға алынып, арнайы құрылған комиссия мүшелері тиісті шешімдер қабылдады.

Гүлжан Турсунходжаева.

 
«ХАЛЫҚТЫҚ ЗАҢГЕР» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаменті ағымдағы жылдың қазан-қараша айларында, аптасына екі рет аудандарда «Халықтық заңгер» акциясы аясында қоғамдық қабылдаулар өткізуді жоспарлаған болатын.

Осыған орай, сейсенбі күні халықты жұмыспен қамту орталығында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Обновлено 30.10.2019 10:50
Толығырақ...
 
ТҮЙТКІЛДІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚОЗҒАЛДЫ

Өңір тарихының аса маңызды кезеңі қарсаңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, ұлт бойындағы рухани құндылықтарды жаңғыртуды көздеген «Елдік елге байланысты» атты қоғамдық форум өткені белгілі. Онда облыс тұрғындарын бірлік пен ынтымаққа, сабырлылық пен қанағатшылыққа, берекелі өмір сүруге шақыратын Үндеу жолданған болатын.

Осыған орай, аудан орталығында орналасқан Сарыкемер мектеп-гимназиясында “Сананың жаңғыруы - қоғамның жаңғыруы” тақырыбында аудандық форум ұйымдастырылып еді. Форум барысында ұлттық дәстүр мен әдет-ғұрыптың уақыт ағымымен өзгеруі турасында түйткілді мәселелер қозғалып, ысырапшылдық пен даңғазалыққа

Обновлено 30.10.2019 10:48
Толығырақ...
 
ӘЗІМХАН ЗАУРБЕКҰЛЫН ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛДЫ

Өткен сенбіде Сарыкемер ауылындағы орталық стадионда дүбірлі жарыс өз мәресіне жетті. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында үстіміздегі жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілген шағын футбол алаңшасында аудандық ішкі істер органының ардагері, ішкі қызмет подполковнигі Заурбеков Әзімхан Заурбекұлын еске алуға арналған

Обновлено 30.10.2019 10:45
Толығырақ...
 
АЛЬТЕРНАТИВНЫЙ СПОСОБ УРЕГУЛИРОВАНИЯ КОНФЛИКТОВ

В январе 2011 года в Казахстане был принят Закон «О медиации». Медиация – это процедура урегулирования спора (конфликта) между сторонами при содействии медиатора (медиаторов) в целях достижения ими взаимоприемлемого решения, реализуемая по добровольному согласию сторон.

На сегодняшний день она является одной из перспективных и важных  процедур не только  в Казахстане, но и  во всех ведущих государствах в разрешении конфликтов и споров в гражданско-правовом поле, и, безусловно, имеет ряд

Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 1371 1372 1373 1374 1375 1376 1377 1378 1379 1380 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін4322
mod_vvisit_counterКеше4170
mod_vvisit_counterОсы аптада4323
mod_vvisit_counterӨткен аптада23896
mod_vvisit_counterОсы айда18829
mod_vvisit_counterӨткен айда106969
mod_vvisit_counterБәрі4380987

Серіктестер