Онлайн газет



ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮРГІЗІЛІП, ЖЕР ТЕЛІМІ БЕРІЛУДЕ

Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев өткен жылдың екінші қыркүйегінде Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында: «... Мен сайлау алдындағы бағдарламамда бірыңғай тұрғын үй саясатын әзірлеу қажеттігін айтқан болатынмын. Негізгі қағидат – тұрғындар, әсіресе, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтар үшін баспананың қолжетімділігін арттыру. Үкімет жүйесіз бағдарламалар қабылдау тәжірибесін тоқтатып, тұрғын үй саясатын жетілдірудің бірыңғай моделін әзірлеуі қажет», - деп нақты тапсырма берген болатын.

Бүгінде ауданда жер телімдерін, алу да, беру де өзекті мәселелердің біріне айналғаны жасырын емес. Өйткені, сонау 2005 жылдан бастап күні бүгінге дейін аудан бойынша жер теліміне кезекке тұрғандар саны 11 977 адамды құраған. Оның ішінде, төрт мыңы жас отбасылар, 780-і мемлекеттік орган қызметкерлері, 1743-і мемлекеттік мекемелер мен әлеуметтік сала қызметкерлері

Обновлено 27.05.2020 10:22
Толығырақ...
 
СУАРМАЛЫ ЖЕР КӨЛЕМІН ҰЛҒАЙТУ- БАСТЫ МАҚСАТ

Асқан жанашырлықпен, үнеммен пайдаланбаса судың да сұрауы бар екенін соңғы жылдары жақсы түсіне бастағанымыз жасырын емес. Баяғыдай «су – тегін» дейтін заман келмеске кеткені анық.

Ауыл шаруашылығына бейімделген аудан болған соң өңірімізде ірілі - ұсақты каналдар көптеп саналады. Барлығы да жер емген халықтың игілігі үшін сонау кеңес заманында-ақ пайдалануға берілген-ді. Одан бері талай су ақты, заман өзгерді. Уақыт өз дегенін істетеді емес пе? Бүгінде сол ауыл шаруашылығының артериясы болып келген су көздерінің ахуалы көңіл көншітпей, ескіргені белгілі. Аудан басшылығы осы каналдардың ахуалын

Обновлено 25.05.2020 11:28
Толығырақ...
 
МОБИЛЬДІ ТОП – ІС ЖҮЗІНДЕ

Барлық сақтық шаралары қатаң сақталып, індеттен аман келген ауданымызды коронавирус айналып өтпеді. Төтенше жағдай талаптарының сақталуын қадағалау жұмыстары тұрақты жүргізіліп, мобильді топтың бақылауына алынған.

Апта ортасында құрамында аудан әкімдігі, аудандық тауарлар мен көрсетілетін  қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының өкілдері, Сарыкемер мен Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппаратының мамандарынан құрылған мобильді топ

Обновлено 25.05.2020 11:24
Толығырақ...
 
МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕГЕ АРНАЛДЫ

Аудандық сотта «Сот актілерін орындалмауы» тақырыбы бойынша онлайн режімінде дөңгелек үстел өтті.
Оған аудандық соттың төрағасы Ерғазы Тилеубеков және Жамбыл облысының өңірлік палатасының жеке сот орындаушылары қатысты.
Дөңгелек үстел барысында сот актілерін ұзақ орындалмауы, айыппұлдарды өндіріп алу бойынша қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерінің сұрақтары талқыланды. Сондай-ақ, азаматтық істер бойынша сот актілерінің орындалмағаны үшін мемлекеттік бажды мемлекет пайдасына өндіріп алу, қылмыстық істері туралы сот шығындарының мәселелері қозғалды.
Сот төрағасы өз сөзінде сот жүйесінің беделі, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары сотпен қорғалғанына ғана тәуелді емес, сонымен қатар сот актілерін уақтылы орындалуына байланысты екендігін айтты. Іс жүргізу шығындарын және қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша айыппұлдарды өтеу заңға сәйкес, заңнамаларда көрсетілген жағдайларда сот орындаушылармен қысқартылатыны жайлы да айтып өтті.
Онлайн режімінде өткізілген дөңгелек үстел соңында қатысушылар бір-бірімен пікір алмасып, осы бағыттағы жұмысты күшейту қажеттілігіне

Обновлено 25.05.2020 11:18
Толығырақ...
 
ОСЫ ЖҰРТ ОРАҚБАЙДЫ БІЛЕ МЕ ЕКЕН?

Ауданымызға қарасты Түймекент ауылының тарихы тереңнен басталады. Түймекент ауылы 1997 жылға дейін алдымен Шаповаловка кейін Буденовка аталып келген. Еліміз тәуелсіздік алғаннан соң 1997 жылы ауылдық округке ежелгі атауы Түймекент берілген.

Түймекент қалашығы V ғасырда Түрік қағанаты кезінде пайда болып, ХІІІ ғасыр басында монғол шапқыншылығына дейін өмір сүрген. Түймекент атауы «Түйме қыздың қаласы» дегенді білдіреді. Осы ауылдың оңтүстік жақ шетіндегі  Түймекент қалашығының орын бар. Ұлы Жібек бойына орналасқан Түймекент қалашығы облыс орталығы Тараз қаласымен қатар дамығаны, жергілікті тұрғындар егіншілікпен айналысқаны туралы деректер баршылық.
Талас өзенінің бойында орын тепкен  Түймекент ауылдық округіне

Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 1271 1272 1273 1274 1275 1276 1277 1278 1279 1280 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін7208
mod_vvisit_counterКеше9433
mod_vvisit_counterОсы аптада22730
mod_vvisit_counterӨткен аптада23896
mod_vvisit_counterОсы айда37237
mod_vvisit_counterӨткен айда106969
mod_vvisit_counterБәрі4399395

Серіктестер