|
Екі ғасырдың куәсі, жыршы-жырау, халықтың ірі айтыскер ақыны, «Халық поэзиясының алыбы», «ХХ ғасыр Гомері», «Жамбыл - менің жай атым, халық - менің шын атым» деген ұлы тұлға Жамбыл Жабаевқа биыл 180 жыл толып отыр. Жамбыл Жабаев - жүз жыл өмірінің сексен бесін өлең-жырмен өткізген қазақ халқының ұлы ақыны, өлең сөздің дүлдүлі, қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы. Түстіктегі Жамбыл тауының бөктерінде, боранды ақпан айының соңғы күндері осыдан бір жарым ғасырдан астам уақытта дүниеге ақын келіп, кейін әлгі тауды да, бүкіл қазақ халқын да жалпақ жаһан, айдай әлемге жария етті. “Қақаған қар аралас соғып боран, Ел үрей - көк найзалы жау торыған. Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын, Жамбыл деп қойылыпты атым содан”,– дейді Жамбыл ақын. Жамбылдың бойындағы ерекше дарыны, тым өзгеше таланты қыстың күні ерте бүршік атқан бәйшешектей жас кезінен-ақ
|
|
Толығырақ...
|
|
Алғыс айту күні-жүректегі ризашылықты білдіретін ерекше күн. Бұл күн мен үшін терең мағынаға ие. Себебі менің тағдырым, отбасымның тарихы, бүкіл ғұмырым Қазақстанмен тығыз байланысты. Мен Ахмедова Зара Эмиқызы, 1958 жылы Қырғызстанның Қара-Балта қаласына қарасты Чалдовар ауылында дүниеге келдім. Алайда менің өсіп-өнген, тамыр жайған жерім – Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Байтал совхозы. Ата-анам 1944 жылы Кавказ жерінен – Шали ауданы, Гелдаган ауылынан репрессия кезінде Қазақстанға жер аударылған. Ол жылдар – талай халықтың тағдырын сынаған ауыр кезең еді. Бірақ қазақ жері құшағын ашып, өзге ұлт өкілдерін жатсынбай қабылдады. Сол мейірім мен кеңдіктің арқасында біз өсіп, ер жеттік. Сондықтан мен Қазақстанды өз Отаным деп білемін. Осы жерде білім алып, 1982 жылы Жамбыл педагогикалық
|
|
Обновлено 27.02.2026 11:21 |
|
Толығырақ...
|
|
Экстремизм сөзі «шеттеу», яғни «орталықтан ауытқу, белгіленген жерден тыс кету» деген мағынаны білдіреді. Бұл ұғым қоғам ішіндегі жеке тұлғаның немесе топтардың жалпы тәртіпті мойындамауы, өзінің пікірімен ғана іс-әрекет жасауы сипатында көрініс табады. Қазіргі таңда қоғамымызда Ислам дінінің атын жамылып, Алланың жіберген орта жолынан ауытқып жүргендер көптеп кездеседі. Олар кез келген жаңа істі дінге қайшылығы болмаса да бидғатқа балап, ананы «харам», мынаны «ширк» деп, жұрттың шырқын қашыруда. Экстремистік пікірлермен уланғандардың арасынан террористердің шыққанын да білеміз. Нәтижесінде терроризмнен тіксініп, лаңкестіктен лоқсыдық. Соның кесірінен елімізде исламофобия, яғни Ислам діні мен оның құндылықтарына шекеден қараушылық пайда болғанын
|
|
Толығырақ...
|
|
2023 жылы 1 шілдеде Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі күшіне енді. Кодекстің 110-бабына сәйкес уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған жеке тұлғалардың жекелеген санаттарының кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді алуға құқығы бар. Осыған орай кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шаралары туралы айтып беруін, Байзақ ауданы бойынша Мансап орталығы филиалының Оқыту секторының басшысы Дидар Сансызбаевты әңгімеге тартқан едік.
- Кәсібін жаңадан ашамын деген азаматтарға мемлекеттен қандай көмектер бар? - Кәсібін жаңадан ашамын деген азаматтарға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған конкурстық негізде қайтарымсыз
|
|
Толығырақ...
|
|
Ислам – бейбітшілік, мейірімділік және әділеттілікке негізделген дін. «Ислам» сөзінің өзі «бейбітшілік», «амандық» деген мағыналарды білдіреді. Сондықтан исламды терроризммен байланыстыру – діннің шынайы мәнін түсінбеуден туындайтын үлкен қателік. Құранда адам өмірінің қасиеттілігі ерекше атап өтіледі. Алла Тағала былай дейді: «Кім бір адамды өлтірсе, жер бетінде бұзақылық жасамаған болса, барлық адамзатты өлтіргенмен тең. Ал кім біреудің өмірін сақтап қалса, барлық адамзатты құтқарғанмен тең» (Маида сүресі, 32-аят) Бұл аят исламда жазықсыз жанды өлтіру – ең ауыр күнәлардың бірі екенін айқын көрсетеді. Терроризмнің басты белгісі
|
|
Толығырақ...
|
|
|