|
Кәсіп ашқысы келетін, бірақ қолындағы қаржысы күрмеуге келмей жүрген және кәсібін кеңейткісі келетін кәсіпкерлерге «Бастау бизнес» жобасының шарапаты молынан тиюде. Үлгілі ауылының тұрғыны Вазира Чункабаева - Шымкент қаласының тумасы. Мектепті бітірген соң, Шымкент әлеуметтік университетінің «Жалын» колледжінде «Бастауыш сыныптарының мұғалімі» мамандығын алып шығады. Алғашында туыстарының қолөнер бұйымдарын сататын дүкеніне көмекші болып, уақытша жұмысқа орналасады. Ұлттық қолөнерге деген қызығушылығы артқан ол әжесінің жанында жүріп, тойбастар заттарын жасауды үйрене бастайды. Алдымен ұзатылатын қыздарға арналған үкі қауырсынынан дайындалатын ақ үкіні, сәнді себеттерді жасауды меңгерсе, кейіннен ұлттық нақыштағы қалташалар мен қоржын тігуді қолға алады. Жас кәсіпкер 2015 жылы ауданымызға қарасты Үлгілі ауылының азаматына тұрмысқа шығып, кәсібін жалғастыруды жөн көреді. Үйінің жанындағы бос тұрған 2 бөлмелі ескі үйді жөндеуден өткізіп, қолөнер цехына лайықтап жабдықтайды. Мұнда көрші тұратын, ауылдас қыз-келіншектерге өзінің білгенін үйретіп, жасаған бұйымдарды сауда-саттыққа шығара бастайды. Уақыт өте келе тапсырыстар көбейе бастаған соң, кәсібін кеңейтуге ден қояды. Құрақ көрпе-көпшік, жастық, қыз жасауын тігуді қолға алу мақсатында «Бастау Бизнес» арқылы қайтарымсыз грантқа қол жеткізеді. Қаражатқа бір оверлок машинасы мен бір тігін машинасын және бір бу үтігін сатып алады. – Бұл кәсіппен айналысқаныма биыл 10 жыл болды. Әрине, бірінші кездері тапсырыс онша көп болмай, Тараз қаласындағы базарлар мен дүкендерді аралап, тауарымды ұсынатынмын. Бірақ, уақыт өте келе тұтынушылар сырттан келетін бұйымдарға қарағанда қолдан жасалған дүниенің едәуір сәнді, сапалы болатынына көз жеткізіп, тапсырыс көбейе түсті. Шеберханамда 20-ға жуық ауылдас қыз-келіншектер тұрақты жұмыс істейтін. Пандемияға байланысты жұмысты өзімнің отбасыммен ғана атқарып жатырмыз. Асқан ыждаһаттылықпен, шеберлікпен жасалған бұйым әрдайым әсем көрінетіні белгілі ғой. Тапсырысты уақытылы орындау үшін бір күнді бұйымдардың тек бір түрін ғана жасағанға арнаймыз. Несиеге алған 2 түрлі тігін машинасының көмегімен құрақ көрпе-көпшік, тюрбан, тақия, халат және т.б. дүниелерді тігіп, тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыруға тырысамыз, - дейді жас кәсіпкер. Бүгінгі таңда ісмер келіншектің қолынан шыққан дүниелер көздің жауын алады. Ерінбек еңбек етіп, қолөнерден ризығын тауып жүрген Вазира Ерболатқызы бұйымдарды тек жергілікті базарлар мен дүкендерге шығарып қана қоймай, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларына көтерме бағамен тұрақты түрде өткеруде. Бұдан бөлек, киімді қалпына келтіру орталығын да ашуды жоспарлап отыр. Оның айтуынша бір айда тек бір қызға арналған үкінің 20 – 30 мың данасы шығарылады екен.
Гүлжан РУСЛАНҚЫЗЫ. |
|
Бүгін Таразға ресейлік «Спутник - V» вакцинасының алғашқы 1000 дозасы жеткізілді. Ең алдымен, вакцина жұқтырған адамдармен тікелей байланыста болатын медицина қызметкерлеріне егілетін болады. Олардың қатарында инфекционист дәрігерлер, реаниматологтар, қабылдау бөлімі мен жедел жәрдем, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары бар. Тараздағы №4 қалалық емханаға алғашқы 50 доза келіп түсті. Вакцинация тек ерікті түрде жүргізілетінін атап өткен жөн. Вакцинаны алғашқылардың бірі болып облыс әкімінің орынбасары Берік Нығмашев пен денсаулық сақтау басқармасының
|
|
Толығырақ...
|
|
Қауіпті індеттің алдын алудың бірден-бір жолы — вакциналау. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде ақпан айының 1-інен “Спутник V” екпесімен ерікті түрде вакцинациялау науқаны басталды. Осыған орай, аудандық орталық аурухананың ақпараттық-талдау қызметінің басшысы Гүлнар Шинибековаға бірнеше сауал қойған болатынбыз.
— Гүлнар Серікқызы, аудан бойынша КВИ-ге қарсы вакцина қанша медицина қызметкерлеріне cалынады?
-Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мақсаты-қауіпті дертті түбегейлі жою. Әлем бойынша 42 мемлекет КВИ-ге қарсы вакцинаны қабылдауға шешім қабылдағаны белгілі болып отыр. ДДҰ мәліметіне сүйенсек, бүгінгі күнге дейін әлем бойынша
|
|
Толығырақ...
|
|
Құқық — бұл мемлекет бекіткен және рұқсат еткен жалпыға бірдей міндетті мінез-құлық ережелерінің жиынтығы. Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Дамыған қоғам барлық жерде тəртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подъезден, жинақы ауладан, таза көшеден жəне жарқын жүзді адамдардан басталады. Біз ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек, өйткені осының өзі
|
|
Толығырақ...
|
|
Көктал ауылында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мекемелермен бірлесе жоспарлар бекітілген. Жоспарға сәйкес, учаскелік инспектордың рейдтік жұмысы, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекциямен бірлескен кешкі уақыттағы профилактикалық шаралар тұрақты жүргізіледі. Көктал ауылы әкімі аппаратының қызметкерлерімен бірлескен түнгі ерікті атты патрульдік жасақ жүйелі жұмыс атқарып келеді. Сонымен қатар, ішкі тұрақтылық пен келісімді сақтау, қылмыстың алдын алуда үшін әкімшілік, Көктал орта мектебі, мәдениет үйі, «Саялы» балабақшасы, «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлері
|
|
Обновлено 03.02.2021 11:16 |
|
Толығырақ...
|
|
|