Онлайн газет



ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сарыкемер ауылының ауыз су жүйесін дамыту бағыты бойынша жалпы құны 3 миллиард 402 миллион теңгені құрайтын 2019-2021 жылдарға белгіленіп, іске асырылып жатқан жоба аясындағы атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына және жолдардың бүгінгі жағдайына қатысты аудандық Қоғамдық кеңес тарапынан үлкен алаңдаушылық туындауда. Бұл туралы апта ортасында Қоғамдық келісім үйінде Жұманғали Құмғанбаевтың төрағалығымен өткен Қоғамдық тыңдауда кеңінен сөз қозғалды.

– Өздеріңізге белгілі, «Ауыл – ел бесігі» жобасы мен «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында, Сарыкемер елді мекеніндегі автожолдар орта жөндеуден өткізіліп, ауыл ішінде ағын су келетін бетондалған арықтар тартылған болатын. Сонымен қатар, су құбыры желілері мен су қабылдау ғимараттарының құрылысы қарқын алды. Аудан орталығы саналатын ауылдағы өзгерістерге баршамыз қуанғанымыз белгілі.  Бірақ, көктем айы келгелі, қуанышымыз

Обновлено 13.04.2021 09:52
Толығырақ...
 
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРГЕ АРНАЛДЫ

Аудан әкімдігі жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның 2021 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік рәміздердің Заң талаптарына сай орналастырылуы және пайдаланудың жайы» тақырыбында семинар өтті.

Кездесуге ауылдық округтер әкімі аппаратының мамандары, аудан әкімдігіне қарасты бөлімдердің жауапты мамандары қатысты.
Айтулы шараны аталған бөлімнің басшысы Салтанат Иманова ашып, жүргізіп отырды.
Семинар барысында аталған бөлімнің бас маманы Руслан Мамытбеков «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы»

Обновлено 13.04.2021 09:50
Толығырақ...
 
АУЫЛДЫ ИГІЛІКТІ ІСТЕР КӨРКЕЙТЕДІ

Кез келген ауылды игілікті істер көркейтеді. Қоғамның игілігіне бағытталған істердің нәтижесін халық көруде.
Сазтерек ауылдық округіне қарасты Абай, Ақтөбе, Жаңасаз елді мекендерінде 305 аула бар және 1 837 халық тұрады. Округ тұрғындарының  саны  2020  жылмен салыстырғанда 12 адамға өсті.
Ауылдық округ аумағында 1 орта мектеп, 1 бастауыш мектеп, 1 балабақша, 1 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік тірек, 1 ауылдық клуб және кітапхана жұмыс істейді.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында мүлік салығы 26 %-ға, жер салығы 14 %-ға, көлік салығы 32 %-ға орындалды.
Биылғы жылы бірнеше жоба қолға алынып отыр. Атап айтқанда, Абай ауылына жаңа трансформатор

Толығырақ...
 
КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Мәдениет пен өнер – қоғамның айнасы саналады. Елдің рухани мұрасы, асыл қазынасы саналуы сондықтан.
Өйткені өркениетке қол созған еліміз үшін экономикалық өсіммен қатар елдің рухани бай құндылықтарын да дамыту мәселесі қолға алынғаны жасырын емес. Заманауи мәдениет ошақтары салынып, ел игілігіне берілді, түрлі бағдарлама негізінде елдің мәдени білімін тереңдету, ең бастысы ел дамуы үшін мәдениеттің де озық деңгейде

Обновлено 13.04.2021 09:48
Толығырақ...
 
ХОББИІ ТАБЫСҚА АЙНАЛДЫ

Кейбір жандар бизнеске өзі іздеп келеді, басқалар мол табыс тауып, тәуелсіз болғысы келеді. Ал, Бәйтерек ауылының тұрғыны Гүлхан Бурибаева болса сүйікті ісін табысқа айналдырып отырған кәсіпкер.
– Арманға сену керек және оған жету жолында жұмыс істеу керек. Әйел заты болған соң, үйдегі жақындарың мен балаларыңа арнап күнделікті түрлі тәттілер мен тағамдар пісіреміз. Өзім бос уақытымда тәттілер пісіргенді жақсы көремін. Кәсіп ашқанға – осы хоббиім басты себеп болды, – дейді кәсібін жаңадан бастаған кейіпкеріміз.
Гүлхан Садуахасқызының мамандығы – қаржыгер. Мамандығы бойынша жұмысқа тұрдың сәті түспеген. Оның табыс тағылымы қарапайым. Ол, «Бастау Бизнес» жобасы арқылы қайтарымсыз грантқа қол жеткізіп, бүгінде тапсырыспен кондитерлік өнімдерді, тәтті тағамдарды

Обновлено 13.04.2021 09:46
Толығырақ...
 
<< Бірінші < Әуелгі 1121 1122 1123 1124 1125 1126 1127 1128 1129 1130 Келесі > Соңғы >>

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін283
mod_vvisit_counterКеше4303
mod_vvisit_counterОсы аптада4586
mod_vvisit_counterӨткен аптада42886
mod_vvisit_counterОсы айда57809
mod_vvisit_counterӨткен айда106969
mod_vvisit_counterБәрі4419967

Серіктестер